Баспасөз мәслихатында аудандық соттың төрағасы Айдос Сұлтанов статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.
Жалпы 2020 жылдың 12 айында 380 қылмыстық іс 424 адамға қатысты қаралған. 227 тұлғаға 197 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылып, 112 адамға қатысты 104 қылмыстық іс қысқартылған. 36 тұлғаның қылмыстық ісі прокурорға қайтарылды.
Аамандардың айтуынша, қылмыстық істердің саны 2019 жылмен салыстырғанда 34 пайызға артқан. Жалпы 2020 жылдың 12 айында 4511 талап-арыз бен 203 іс түскен. Оның ішінде 3682 іс қаралып, 912 іс кері қайтарылды. 69 арыз қараусыз қалдырылған. Аудандық соттың өндірісіне 636 іс түсіп, оның 378-і өндірістен қысқартылды, татуласу рәсімімен 41 іс аяқталған.
Сондай-ақ, 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылымедиация 29 пайызға көбейген. Дегенмен алаяқтық, тонау көрсеткіші жылдағыдан өскен. Баспасөз мәжілісін қорытындылай келе сот төрағасы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.