Шымкент қаласының аумағында карантиндік, шектеу шараларын ұзарту туралы

Пятница, 26 Март 2021 00:00 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3623 раз

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №67), «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №68), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы №9 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №9), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №12), «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №293/2020 бұйрығына сәйкес, COVID-19 аурушаңдығының тіркелуінің жалғасуына байланысты, вирусты пневмония ауруының өсуіне орай және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында                      

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.      Шымкент қаласының аумағында 2021 жылғы 29 наурыз сағат 00:00-ден бастап 2021 жылғы 12 сәуір сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.

  1. адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын (туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа)
  2. ымкент қаласының әкімі, мемлекеттік органдар, меншік иесіне қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындар, заңды тұлғалар және кәсіпкерлік субъектілер Шымкент қаласында карантин кезеңіндекелесі шараларды қамтамасыз етсін:
  3. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекекүндері жұмыстары тоқтатылсын;
  4. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекекүндері жұмыстары тоқтатылсын;
  5. орналасқан орнына қарамастан барлық азық-түлік гипермаркеттерінің, супермаркеттерінің, шағын маркеттері мен үй жанындағы дүкендерінің жұмыстары қалыпты режимде ұйымдастырылсын;
  6. ойын-сауық іс шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс шараларды өткізуге, оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс шараларды өткізуге тыйым салынсын;
  7. кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызметіне 15 адамнан аспайтын, алдын ала жазылу бойынша, ҚР БМСД №67 қаулысының талаптары сақталған жағдайда қалыпты режимде рұқсат етілсін;
  8. күндері жұмысы ұйымдастырылсын;
  9. күндері жұмысы ұйымдастырылсын;
  10. сыйымдылығы 30% адамнан аспайтын, бірақ 100 адамнан артық емес, «InfoKazakhstan.kz» порталда тіркелуімен, бетперде кию режимі, әлеуметтік қашықтық және ҚР БМСД №67 қаулысының талаптары сақталған жағдайда) кітапханалардың, мұражайлардың жұмысы қалыпты режимде ұйымдастырылсын;
  11. діни объектілерінің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогтар және тағы басқалар) жұмысы толтырылуы 30%-дан асырмай, бір адамға 4 ш.м алаңды қамтамасыз еткенде,жұма намазын қоспағанда, ұжымдық Құдайға құлшылық етуге рұқсат беру, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимімен және ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтаумен қалыпты режимде ұйымдастырылсын;
  12. жұмысы 09:00-ден 23:00-ге дейін ұйымдастырылсын;
  13. сақтаумен жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін уақытпен жұмысы шектелсін;
  14. көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары және тағы басқалар), букмекерлік конторларының және ойын клубтарының, оның ішінде онлайн режімінде өткізілетін лотерея ұтыс ойынын жүргізуді қоспағанда, лоторея ұтыс ойынын жүргізуге тыйым салынсын;
  15. порталда тіркелуін, бетперде кию режимін, әлеуметтік қашықтық сақтаумен, шахматтық ретпен отыруын және ҚР БМСД №67 қаулысының талаптары сақталған жағдайда) қалыпты режимде ұйымдастырылсын;
  16. Шымкент қаласындағы автовокзалдар мен автостанциялардың жұмысы қалыпты режимде ұйымдастырылсын.
  17. 3.5.  азық-түлік базарларымен, азық-түлік емес базарлардың (мамандандырылған, киім-кешек, мал және автокөлік базарлары), жәрмеңкелердің қызметі, сыйымдылығы 30% аспайтын және 1 келушіге 4 шаршы метр арақашықтықты сақтаумен жұмыс күндері сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 17:00-ге дейін уақыты шектеліп, жабық емес базарлар қалыпты жағдайда жұмыс істесін. Бұл ретте, санитариялық-дезинфекциялық жұмыс жүргізуге аптаның бір күні белгіленсін. Жәрмеңкелердің жұмысын санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды ұйымдастырып, оның ішінде дезинфекциялық тоннельдерді және санитайзерлерді орнатуын қамтамасыз етілсін;
  18. 3.7.  толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан аспайтын ашық ауада жұмыс істейтін қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (келушілерге қызмет көрсететін) және ғимараттарда орналасқан объектілердің жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері сағат 07:00-ден 23:00-ге дейінгі уақыт бойынша, үстелдер арасындағы қашықтық 2 метр, орындықтар арасы           
  19. 60 сантиметр қашықтықты сақтай отырып, қызметі шектелсін. Қоғамдық тамақтану орындарында кальяндарды пайдалануға тыйым салынсын. Жеткізу және шығару режимінде жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану объектілері қалыпты режимде жұмыс істейді. Қоғамдық тамақтану объектілерінде өнім дайындау және жинау-дезинфекциялау іс-шаралары әдеттегі режимде жүргізіледі.
  20. 3.13. Ұлттық құрама командаларға, клубтық командаларға спорттық жаттығуға, қалалық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын (30 адамнан аспайтын, қатынассыз термометрия, спорттық базада тұру) өткізуге рұқсат етілсін;
  21. Облысаралық, қалааралық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус жолаушылар тасымалдарына рұқсат етілген аумақтардағы облыстарға, қалаларға және елдімекендерге тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус жолаушылар тасымалдарына рұқсат етілсін. Жолаушыларды тұрақты тасымалдау ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылсын, тұрақты емес (туристік) тасымалдар 75% толтырумен, бірақ 15 адамнан асырылмай жүзеге асырылсын;
  22. 3.29.медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін.Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі.
  23. Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етіледі;
  1. 3.30.медициналық ұйымдарда, дәріханаларда, процедуралық бөлмелерде, медициналық орталықтарда (жазылу арқылы) аймақтандыру мен күшейтілгенсанитариялық-дезинфекциялық режимін ҚР БМСДҚ №67 қаулысының талаптарын сақтаумен, жұмыстары қалыпты режимде ұйымдастырылсын;
  2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және даму агенттігінің актілеріне сәйкес қаржы нарығындағы субъектілерге жұмыс уақытын шектеуді ұйымдастырсын;
  3. гүл сататын нысандардың қызметіне қалыпты режимде рұқсат етілсін;
  4. спорттық объектілердің (фитнес-орталықтардың, тренажер залдардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, жабық және жартылай жабық спорттық құрылымдардың, мұз алаңдарының оның ішінде сауда-ойын-сауық кешендерінде, сауда орталықтарында, сауда үйлерінде орналасқан мұз алаңдар) бір келушіге 5 шаршы метрге дейін, сыйымдылығы 50% аспайтын, бассейндердің алдын ала жазылумен бір адамға су бетінің 5 шаршы метр есебімен жеке форматта, қызметтер 09:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс, демалыс және мерекекүндері жұмысы ұйымдастырылсын;
  5. екінші семестрде колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқытуды ұйымдастыру;
  6. осы қаулыда көрсетілмеген нысандардың жұмыс уақыты 09:00-ден 18:00-ге дейін шектеумен жұмыс және демалыс, мерекекүндері жұмысы ұйымдастырылсын;
  7. Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қаласының аудандарының әкімдеріне, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына, Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларына, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына, ҚР ДСМ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалына, денсаулық сақтау субъектілеріне және меншік иесіне қарамастан жеке кәсіпкер субъектілеріне:

 

3.31.  денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салынсын;

- контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға;

- жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;

- білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға.

«InfoKazakhstan.kz» порталында тіркеліп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының және ҚР БМСДҚ №67 46-қосымшасының талаптарын сақтаған кезде білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат берілсін.

3.36. ҚР БМСДҚбекіткен алгоритмдерге сай кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз өткізуге рұқсат етілсін (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);

4.1.    жұмыс, демалыс және мерекекүндері қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін рұқсат етілсін. Бетперделердің киілуі, толымдылығы отыратын орын санынан аспауы қадағалансын;

4.2.   адамдардың аялдамаларда және қоғамдық көліктерде шоғырлануын болдырмау мақсатында қарбалас сәтте желідекөлік құралдарының (автобустардың, шағын автобустардың) саны көбейтілсін, қалған уақытта қозғалыстың біркелкі кестесі ұйымдастырылсын;

4.3.    қоғамдық көлікті, автобус аялдамаларын, аулалардағы балалар алаңдарын, басқа қоғамдық орындарын, адамдар көп жиналатын жерлерді қоса алғанда, қала аумағын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып заласыздандырылсын, карантин аяқталғанға дейін заласыздандыру жұмыстары күн сайын жүргізілсін;

4.4.    Шымкент қаласының аумағында, мөлтек аудандардың, тұрғын үй алаптарының, көп қабатты тұрғын үйлердің, ұйымдардың аумағында және қоқысқа арналған алаңшалары жоспарлы түрде үнемі тазартылсын. Күнделікті тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар шығарылсын және қоқысқа арналған контейнерлерді тазартып, дезинфекциялау мен жуу жүргізілсін;

4.5.    инфекциялық стационарлардың аумағын күнделікті дезинфекциялау құралдарын қолданып залалсыздандыру ісшараларын жүргізу қамтамасыз етілсін;

4.6.    тұрақты түрде, Шымкент қаласы бойынша меншік иесіне қарамай барлық зертханалық зерделеу ауқымын жүйелендіріп, ПТР тестілеудің, ПТР-зерттеу бойынша есебін, бірыңғай бағдарламаға енгізіп интеграциялауымен қамтамасыз етсін;

4.7.    медициналық ұйымдарда аймақтандыруды, күшейтілгенсанитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды және жеке қорғаныш заттарымен қамтамасыз етілсін.

5.     Меншік иесіне қарамастан Шымкент қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларына, жеке кәсіпкерлерге және жеке тұлғаларға карантин уақыты кезеңінде:

5.1.    Халыққа қызмет көрсету үшін көзделмеген үй-жайларда жалғыз болған қызметкерлерді қоспағанда, бетпердені, қолғаптарды кию (халыққа қызмет көрсету кезінде) және антисептиктерді пайдалану талаптары қатаң сақталсын. Халыққа қызмет көрсететін нысандарда қызметкерлер қосымша бір реттік қолғаптармен, оларды уақтылы ауыстыруы және температура өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілсін;

5.2.    қызметін жүзеге асыратын барлық нысандарда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим қамтамасыз етілсін (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, дезкілемшелерді төсеу, ғимараттың ішін залалсыздандыру құралдарын қолданумен күніне кемінде екі рет ылғалды жинау, желдету);

5.3.    персоналдар мен келушілердің санитариялық-карантиндік және шектеу шараларын сақтауы қатаң қадағалансын, бақылау күшейтілсін;

5.4.    атқаратын қызметті ҚР БМСДҚ бекіткен алгоритмдерге сәйкес жүргізілсін;

5.5.    барлық нысандарда, оның ішінде қоғамдық көлікте, таксиде санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу қамтамасыз етілсін;

5.6. қоғамдық көліктерде, таксилерде, өндірістік аймақтарда, азық-түлік және азық-түлік емес базарларда және басқа да қоғамдық орындарда санитариялық-дезинфекциялық өңдеуді қамтамасыз етсін.

6.     Шымкент қаласының аудан әкімдері, Шымкент қаласының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығына:

6.1.    өз жұмысын қайта бастаған нысандарда (базарлар, қоғамдық көлік, коммуналдық нысандар, шаштараздар, сұлулық салондар, моншалар, сауналар, спорт объектілер, сауда объектілер, банктер, ХҚКО, "Казпочта" АҚ бөлімшелері, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен мекемелер және т.б.) коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бағытында санитариялық-дезинфекциялық ісшараларды және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізілуі қамтамасыз етілсін;

6.2.    қаланың мониторингтік мобильді топтарының және Бірыңғай үйлестіру орталығының жұмыстары күшейтілсін;

6.3.    карантин кезеңінде белгіленген шектеу іс-шараларын және басқа да талаптарды бұзу, орындамау анықталған кезде, тиісті әкімшілік шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге сәйкес нысандардың қызметін тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдансын.

7.   Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы,Шымкент қаласының санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Шымкент қаласы полиция департаменті, Шымкент қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы, кәсіпкерлік субъектілері және жеке тұлғалар қамтамасыз етсін:

7.1.    «InfoKazakhstan.kz» сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік Актісінің негізінде нысандардың қызметі қайта басталсын;

7.2.   қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін нысанның кіреберісінде санитариялық нормаларға сәйкестік Актісі көрнекті жерге орнатылсын;

7.3.    шектеу ісшараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін «InfoKazakhstan.kz» сайтында жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етілсін;

7.4.   бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлердің уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін «InfoKazakhstan. кz» сайты пайдалансын;

7.5.   шектеу ісшараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін «InfoKazakhstan.kz» сайтына орналастырылсын;

7.6.   кәсіпкерлік субъектілер «InfoKazakhstan.kz» сайтындағы нысанның паспортына келушілердің үй-жайларды жоспарлы толтыруы туралы мәліметтерді енгізу (шектеу ісшараларын, оның ішінде ҚР БМСДҚ қосымшаларында айқындалған карантинді енгізу кезеңіндегі нысандардың қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі);

7.7.  нысандар белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде бизнес нысандардың қызметін қайта бастауға арналған Акті «InfoKazakhstan.kz» электрондық портал арқылы электронды түрде берілсін;

7.8.  коронавирустық инфекциясын алдын алу мақсатында жұмысын қайта бастаған нысандарға, санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақтауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.

8.     ҚР ДСМ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалына:

8.1.   Шымкент қаласының білім басқармасының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына және Шымкент қаласының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау сенім орталығына» түскен тұлғаларды ПТР тестілеуімен тексеру қамтамасыз етілсін.

9.     Күші жойылды деп танылсын:

9.1.    Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 19.02.2021 жылғы №4 қаулысы;

9.2.    Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.03.2021 жылғы №5 қаулысы;

9.3.    Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 05.03.2021 жылғы №6 қаулысы.

10.     Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.

11.    Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарда жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.

12.    Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

13.     Осы қаулы 2021 жылғы 29 наурыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

 

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері
А.Тулебаев

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.