ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Среда, 15 Сентябрь 2021 18:21 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 366 раз

WhatsApp Image 2021-09-15 at 20.25.45

Дәрігер — ұлы мамандық. Адам жанының арашашысы болып, емге шипа жасап жүрген дәрігерлерге қалай құрмет жасасақ та жарасады. Биылғы жылы дәрігерлердің жұмысын дәріптеп, оларға құрмет жасаудың өнегелі бір үлгісін көрсетуге тырыстық. ”Рахмет саған, дәрігер!” атты жаңа авторлық жобамыз жарық көрді.

Медицинаның әр саласында еселі еңбек етіп жүрген шымкенттік “100 дәрігер” жайлы бейнеролик түсіріліп, «НАР ТВ» телеарнасы мен “Шымкентфильм” ютуб арнасы арқылы көрермен назарына көрсетілуде. Індетпен бетпе-бет күресіп жүрген дәрігерлердің еңбегін дәріптеген жобамыз Шымкент қаласы әкімдігі ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма тарапынан қолдау тапты. Әрине, бұл ”Рахмет саған, дәрігер!” жобасы ең алғаш “Нұр-Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева мен Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың қолдауымен әлеуметтік желі қолданушылары арасында “Үздік жазба” байқауы ретінде өтті.

Ел ықыласына бөленген бұл жобаны телевизиялық нұсқаға айналдыруға Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Талғат Балтабаевтың өзі бастамашы болып, қалалық мәслихаттың сессиясында мақұлданды. Игі жобаны қолдаған депутаттық корпусқа көп рахмет айтамын. Иә, Шымкентте дәрігерді ойлайтын депутаттар көп. Соның бірі де, бірегейі-Талғат Балтабаев! Бар болыңдар, нар болыңдар халық қалаулылары!

Ерсұлтан Әмірбек,
“Рахмет саған, дәрігер!” жобасының авторы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.