Сумен жабдықтау көздерін тұрақты бақылауда ұстайық

Четверг, 23 Декабрь 2021 10:00 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1028 раз

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық ахуалын жақсарту, жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында, халық тұтынып отырған ауыз су жинау ұнғымаларына, жерасты су көздерінен су алу кешендеріне қарасты аумаққа жауапты мекемелердің қызметкерлері арасында, Шымкент қаласы санитариялық - эпидемиологиялық бақылау депертаментіне қарасты басқармалардың және аудандық әкімдіктердің мамандарымен бірге санитариялық-ағарту, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Қаланың аудандық әкімдіктерінің мамандары ай сайын орталықтандырылған сумен жабдықтау және ашық су қоймаларының жерасты көздеріне іргелес аумақтарды бақылауға алған.

 

Бүгінгі күні су алу кешендеріне қарасты іргелес аумақтарды және өзен арналары бойындағы тұрмыстық қатты қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

 «Сайрам су»  өзенін Базарқақпа елді мекенінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің сарқын сулары кәріз жүйесінің тозуына орай, ластап отырған. 2021 жылдың басында аталған шайынды сулар жүйесіндегі орын алған ақауларды «Су құбыры және канализация басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мекемесі жөндеуден өткізді.

 

Тоғыс елді мекенінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйлерден кәріздік тазалау ғимаратына шыққан сарқынды су, орталық кәріз жүйесіне қосылмағандықтан, «Бадам» өзенін ластап отырған болатын. Алайда, аталған кәріз жүйесінде қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіліп, ақаулар жойылып, өзекті мәселелер шешімін тапты.

 

Ай сайын жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында, халық тұтынып отырған орталықтандырылған су жүйелерінен, су сынамаларын зертханалық зерттеуге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалының Шымкент қалалық бөлімшесі және «Су Ресурстары-Маркетинг» ЖШС мекемесімен қатар, жоспарланған зертханалық жоспарда көрсетілген мерзімге сай, бақылау нүктелерінен санитариялық – гигиеналық, микробиологиялық, радиологиялық зерттеулерге, жоғарғы технологиялық зерттеулер зертханаларына су сынамалары алынып мониторинг жүргізілуде. Қала бойынша 121 бақылау нүктелері орнатылған.

 

Жыл басынан 1523 сынама бактериологиялық тексеруге, 287 сынама санитарлық-химиялық тексеруге алынды. Ашық су көздерінен 80 сынама санитарлық-химиялық зерттеулерге, 52 сынама бактериологиялық тексеруге  алынып, қорытындысы бойынша оң нәтиже анықталмады.

 

Су қорғау аймақтарын, ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған стратегиалық нысандардың, ашық суаттардың, су қорғау белдеулер шегін таза ұстауға, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында санитариялық ағару, түсіндіру жұмыстары Департаментке қарасты аудандық басқармалармен және аудан әкімдіктермен жүргізу жалғасуда.    

 

Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің басшысы  А.Тулебаев 

Последнее изменение Пятница, 24 Декабрь 2021 10:52
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.