Балалар да өртке себепші болуы мүмкін

Пятница, 21 Январь 2022 03:48 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1468 раз

Балабақшалар мен мектептерде балаларды тәрбиелеуде олардың жауапкершілігін көтеруге, өртке себепші болмауы үшін осы бағытта көбірек ақпарат беруге мән беру керегі байқалады. Әсіресе, өрт қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру ең алдымен ата-аналардың негізгі міндеті болып саналуы тиіс.

Мәселен, электр аспаптарды тоққа қосылған жағдайда қараусыз қалдырмай, кәмелеттік жасқа толмаған балаларды үйде жалғыз қалуына жол бермей, розеткалардың да балалардың қол жететін жерінде тұруының алдын алып, газ плитасы мен тұтанғыш заттардың, сіріңкенің балаларға мүлдем қолжетімсіз болуын есте сақтау қажет. Балалар көбінесе қолы бос, жаз айларында төтенше жағдайға себепші болып, өздері де төтенше жағдайға жиі ұшырап жатады екен.

 

Сондықтан жыл мезгіліне қарамастан қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері әрдайым сақталуы тиіс. Балалардың жүріс-тұрысының белгілі бір ережелерін ұстансаңыз төтенше жағдайлардың алдын алу мүмкіндігі жоғарылай бермек. Балалар да төтенше жағдай кезінде ең алдымен хабарласатын, жедел құтқару қызметтерінің «101» және «112» нөмірлерін жатқа білуі тиіс. Орын алатын төтенше жағдайдың басым бөлігі балалардың үлесінде екенін ескере отырып, осы бағытта балалармен көбірек жұмыс жүргізу қажет.


А.Бабахан,

Қаратау ТЖБ инженері, азаматтық қорғау капитаны

Последнее изменение Пятница, 21 Январь 2022 03:52
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.