Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары тағайындалды

Среда, 18 Май 2022 04:38 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1898 раз

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары лауазымына Жұмабаев Жандос Сағындықұлы тағайындалды.

535

 

Білімі жоғары. 2004 жылы Экономика және құқық академиясын, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.
2005-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарған. 2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет еткен.
2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Заң департаменті директорының орынбасары, Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.
Соңғы лауазымы – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары.
2022 жылдың 13 мамырынан бастап Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары.
Ж.С. Жұмабаев жаңа лауазымында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.