Сонымен қатар, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңында белгiленген тәртiппен хабар беруге мiндеттi.
Өз кезегінде бұл талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Еңбекші аудан прокуратурасымен жүргізілген талдаумен бірнеше жер учаскелерінің иелері құрылыс жобалау құжаттарын рәсімдемей, сәйкесінше техникалық қадағалау жүргізілмей, тиісті хабарламалар берілмей коммерциялық құрылыс нысандарын жүргізгендері анықталды.
Прокурорлық қадағалау актінің қарау нәтижесімен құрылыс нысандарын заңсыз бастаған азаматтарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 316, 321-баптарымен әкімшілік айыппұлдар салынып, қосымша 463-бабымен әкімшілік құқық бұзушылық істері соттың қарауына жолданды.
Ескертілетін жағдай, меншік құқығы рәсімделмеген жер учаскесіне салынған тұрғын үй, басқа да құрылыс, ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік өз бетінше салынған құрылыс болып есептеледі.
Талапқа, заңға сай емес, өз бетінше құрылыс салған адам нысанға меншік құқығын ала аламайды. Оның құрылысқа билік етуге, сатуға, сыйға тартуға, жалға беруге, басқа да мәмілелер жасауға – құқығы болмайды.
Осыған байланысты аудан прокуратурасы қала тұрғындарын құрылыс жұмыстарын бастар алдында заң талаптарын сақтауға шақырады.
Еңбекші ауданының прокуратурасы