Жас маман жұмыссыз қалмайды

Пятница, 16 Январь 2015 04:06 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 6540 раз

Өткен жылы Білім және ғылым министрлігі тарапынан индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылатын инновациялық кәсіпорындар үшін қажетті мамандар дайындау қолға алынған болатын.

273019 383865485 MAШымкенттегі М.Әуезов атындағы ОҚМУ аталған бастамаға қатысушы 11 жоғары оқу орындарының қатарына енгізілген. Яғни, университет құрылыс индустриясы, тамақ және химия өнеркәсіптері, мұнайхимия салалары үшін мамандар дайындаумен айналысатын болады.
Аталған бағдарлама аясында М.Әуезов атындағы ОҚМУ 2015 жылдан бастап 4 пилоттық білім беру бағдарламалары бойынша Мюнхен техникалық университеті, Сингапурдың Ұлттық университеті, Гент университеті сияқты әлемнің жетекші университеттерімен бірлесе отырып, магистранттарды дайындайды. Сондай-ақ, білім беру бағдарламаларының халықаралық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған 4 ірі ғылыми-зерттеу кешенін құру көзделуде. Аталған бағдарламаларды бітірушілерге облыс аумағындағы жаңа кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру кепілдігі беріледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.