Шымкент қалалық білім бөлімі 2016-2017 оқу жылына 1 жəне 8 сынып оқушыларын жүз пайыз оқулықпен қамтамасыз ету үшін 13 баспамен келісім-шарт жасасты.
Атап айтар болсақ, 4-сыныптың «Ағылшын тілі», 9-сыныптарға арналған «Зайырлы этика және дінтану негіздері» оқулықтары жаңа оқу маусымында оқытылуға беріледі. Сонымен қатар, қосымша 1-сыныптар үшін сыйлық ретінде «Менің Отаным-Қазақстан» оқулығы алынуда. Бұл қажеттіліктер үшін 837 192,0 мың теңге қаржы қаралған. Оған, қаладағы 1-сыныптардағы 21 046 оқушыға, 8-сыныпта оқитын 12 753 оқушыға жалпы 823 519 дана оқулық сатып алу көзделген. Тапсырыс берілген оқулықтарды баспалардан «Smart jet», «Бекзат-2001» ЖШС тасымалдауда.