Қазақстан Жазушылар Одағы ОҚОФ төрағасы, белгілі ақын Бақытжан Алдиярдың «Ақ парақ» атты жаңа кітабы жарыққа шықты. Онда ақын өлеңдерінің топтамасы мен аудармалары жинақталған.
– Әлемге әйгілі түрік ақыны Мәулана Атаи мен Бабыр шаһтың ғазалдары қазақ тіліне алғаш рет аударылып отыр. «Ақ параққа» осы еңбегімді де толық қостым, – дейді Б. Алдияр.
Кітаптың тұсаукесері 20 қазан күні сағат 11:00-де Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 317 кабинетінде өтеді.