Жүрекке дифибриллятор қойылды

Среда, 06 Август 2014 09:24 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 5398 раз

Шымкентте алғаш рет  жүрек ішіне 3 камералық ресинхрондалған  терапиясымен  кардиовертер  электрокардиодифибриллятор  орналастыру отасы  жасалды. Кардиология  орталығының дәрігерлеріне отаның ерекше әрі  маңызды түрін үйрету  үшін Алматы қаласының Кардиология және ішкі аурулар ғылыми институтының хирург аритмологы, профессор Роин  Реквава келді.  Айта кетейік, шымкенттік дәрігерлер осыған дейін 2 камералы электрокардиодифибриллятор   енгізу  отасын сәтті жасады. 

Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің адам өміріне қауіп төндіретіні белгілі.  Осы орайда, кардиовертер  электрокардиодифибрилляторын   орналастырған соң,   адамның жүрек соғысы тоқтаған кезде ол  автоматты түрде өзі  жүрекке соққы беріп, оның жұмыс істеуін  қамтамасыз етеді.  Облыстық кардиоорталықтың жүрекішілік электрофизиологиялық  зертханасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының  кандидаты Мұхтар Әбдіқадіров  бұл отаны  алғаш рет  Сарыағаш ауданының  52 жастағы  тұрғыны  Боранбай Мұхтарға жасады. Оның  айтуынша,  науқасты жүрек ауруы жиі мазалайтын.  

-  Медицинада жүрек тоқтаған кезде электродифибриллятормен жүректің қайта соғуына мүмкіндік береді.  Ал, бұл отаның нәтижесінде жүректегі электростимуллятордың өзі барлық процесті  қамтып отырады.  Облысымызда осындай отаға зәру науқастар  өте көп.  Пациент ота кезінде ұйықтамайды, оған ауырсынуды басу үшін көкірек клеткасына дәрі егіледі, -дейді М.Әбдіқадіров. 

Астана және Алматы қалаларындағы үлкен ғылыми орталықтарда  арнайы дайындықтан өткен мамандар  100-ге жуық науқасқа  отаның осы түрін жасап келеді. Ал,  облыстық кардиоорталықта жыл сайын аритмология  бөлімінде интервенционды әдіспен 200-230 –ға жуық ота жасалады. Отадан кейін көз жұму  көрсеткіші  төмендеп келеді.  Дәрігерлердің айтуынша, аритмология бөлімінің ашылуы-   жүрек ақауы бар адамдардың өмірін ұзартуға мүмкіндік береді. 

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА.

Последнее изменение Четверг, 07 Август 2014 06:21
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.