«Шымкент жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (shymkent-zhastary.kz) жаңа ақпараттық порталы іске қосылды. Аталмыш портал Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Жас Отан» жастар қанатының II съезінде «Жастардың еңбек биржасы» бірегей веб-порталын құру бойынша берген тапсырмасын негізінде жүзеге асып отыр. Айта кету керек, Шымкент қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Шымкент жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жастарды жұмыспен қамтуды үйлестіру бағытында 2013 жылдың 12 сәуір күнінен бастап «Жұмыс таптым» электронды еңбек биржасы (zht.kz) ақпараттық порталы құрылған болатын. Бүгінде электронды еңбек биржаның атауы «shymkent-zhastary.kz» болып өзгертілді.
Қосымша ақпаратты «Шымкент жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен ала аласыздар. Тел.: 8 (7252) 39-13-59, 39-13-60
С. ТАСТАНБЕК.