Тележурналистика: кемшілігі мен жетістігі

Среда, 22 Октябрь 2014 09:31 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 7475 раз

Кеше облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен БАҚ өкілдеріне арналған кезекті семинар-тренинг өтті. Бұл жолы Алматыдан «Хабар» агенттігінің продюсері Арман Сқабылұлы мен Елордадан «Астана» телеарнасының сарапшы редакторы, «Біздің уақыт» бағдарламасының авторы Жайна Сламбек келді. Олар жергілікті мамандарға тележурналистиканың қоғамда алатын орны, телеарнадағы сұхбат жанры, тікелей эфирдегі сұхбат жүргізудің өзіндік әдіс-тәсілдері туралы дәріс оқыды.

Семинарда оңтүстіктің журналистері келген қонақтарға түрлі сауалдар жолдап, тұшымды жауаптар алды. Мәселен, Арман Сқабылұлы тележурналистикадағы бірқатар кемшіліктерді қазіргі уақытта БАҚ саласына ұлттық менталитетті меңгерген журналистердің қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, телеарнада әнші, актерлер емес, осы саланы меңгерген мамандардың жұмыс істеуі керектігі айтылды. Газетте де, телеарнада да салалық журналистиканы дамыту мәселесі сөз болды. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы стилистикалық кемшіліктерге де тоқталды. Ал, Жайна Сламбектің пікірінше, журналистер үнемі ізденісте болуы және көп оқығаны жөн. Халықты ағарту-қазіргі журналистердің басты міндеті. 

Сонымен қатар, саясат және экономика саласында да ізденіп, елде және әлемде орын алып жатқан мәселелерді біліп, сараптап көрерменге жеткізгені абзал. Қазақстандық телеарналарға эстетикалық талғам мен рухани ләззат алатын бағдарламаларға сұраныс басым болып отыр. Жалпы, семинар-тренинг барысында журналистика саласындағы өзекті мәселелер қозғалды, ой-пікірлер айтылды. Жергілікті тілшілер келген қонақтарға сұрақтарын қойып, ұтымды жауаптар алды.

Э. МЫҚТЫБАЕВА.

Последнее изменение Среда, 22 Октябрь 2014 09:35
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.