«Шам жарығындағы кездесу» Избранное

Среда, 13 Март 2024 05:34 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 411 раз

Шымкенттің поэзия сүйер қауымы «Шам жарығындағы кездесу» атты кеште бас қосты. «Şam» əдеби шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен кеш көрерменге тамаша көңіл-күй сыйлады.

JAM

«Şam» əдеби шығармашылық орталығы осыдан 8 жыл бұрын құрылған. Шағын ғана орта бірнеше жылда ауқымды жобаларды жүзеге асырып, көпшіліктің көзайымына айналды. Өлке таланттарының шығармашылығын дəріптеу, жас буын қаламгерлермен республикалық деңгейде əдеби байланыс орнатуды көздеген ұйым өз мақсатының үдесінен шығып келеді. Қазіргі таңда ұйым құрамында Жазушылар одағының бірнеше мүшесі бар, хас таланттар да аз емес.
Әдеби ұйым дəстүрлі түрде өз оқырмандарын əр көктемде қуантып келеді. Осыдан 3 жыл бұрын Жастар ресурстық орталығында ұйымның 5 жылдық есеп беру кеші де өткен болатын. Кітапхананың оқырман залынан бастау алған кештер кофеханаларда кофе-лирикалық поэзия кештеріне, оқырмандармен жүздесулерге ұласты, тіпті елордамыз Астанада театр төрінде ақындардың өлеңдерінен сахналандырылған қойылым өткізген кез де болды.
Поэзия кешіне танымал тележүргізуші, продюссер, сценарист, «Əн мен əнші», «Сөз патшасы» сынды медиажобалардың авторы Сержан Молдасанұлы, қазақ эстрадасына ерекше мақам мен өзіндік бояу əкелген, талғамы биік əнші Мархаба Сəби, Jana lep музыкалық театрының өнерпаздары қатысты. Кеш авторлары Сүндет Сейітов, Арайлым Мұратәлиева, Ақбота Бейбітбек, Қуаныш Жазай өлеңдерін оқып, поэзия сүйер қауымды жырларымен сусындатты.

Гүлнұр СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.