Шілдехана – жаңа туылған бала мен жаңа босанған ананың құрметіне жасалатын ойын-сауық.
Шілдехана күзетуге, негізінен, босанған ананың жақын маңдағы туған-туыстары мен көрші-қолаңдарының жігіт-желең, қыз-қырқындары, сондай-ақ өнерсүйер үлкен-кіші ауыл адамдары келеді.
Әр күні кеште ел орынға отырып, малды қоралап, ас-су ішіп, ат-көліктерді отқа қойған соң көпшілік жиналып ән салып, күй тартып, өзара айтысып, жаңа босанған ана мен нәрестені әсем әнмен әлдилеп, тәтті күймен тербетеді.
Шілдехана әдетте бір апта, тіпті 40 күнге дейін шам өшірмей жалғасады.
Шілдехана күзетудің өзіндік ғылыми мәні бар.
1.Жас босанған ана мен нәрестенің шошып, түрлі ауруға шалдығуының алдын алады.
2.Жаңа туған нәрестенің тұншығып немесе зиянды жәндіктердің шағып, зақымдап кетуінің алдын алады.
3.Жас босанған ана мен нәресте ән-күй, өлең-жыр тыңдап, тез сергиді. Бала болашақта ізгі ниетті, өнерсүйгіш, ақкөңіл, ашық-жарқын болады.