Дәстүрім – асыл қазынам

Пятница, 20 Август 2021 06:03 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 931 раз

darturim

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Дәстүрім – асыл қазынам» жобасын ұсынады. Мақсат – ұмыт қалған ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді ұлықтау.

Әлеуметтік маңызы зор жобаның алғашқы тақырыбы «Ерулік беру» дәстүріне арналады. Ерулік – қазақтың кеңпейілділігін, жомарттығын, қонақжайлығын паш ететін ғұрыптың бірі. 

Жаңа қонысқа көшіп келгендердің алғашында үйренісе алмай тосырқайтыны заңдылық. Сондықтан дана халық ерулік беруді ойлап тапқан. Көшіп келгендердің үйін тігуге көмектесіп, көршілер кезекпен қоныстанушыларды балаларымен үйлеріне қонаққа шақырған. Танысып-білісіп, араласуына жағдай жасаған.

Өкінішке қарай қазіргі уақытта  қалаларда бұл дәстүр ұмытылып барады. Әдетте «Көршіңіз кім?» деген сұраққа «Неше жыл тұрсам да білмеймін, танымаймын» деп жауап беретіндер көп. Сол себепті асыл дәстүрлерімізді ұмытпай, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырғанымыз абзал.

«Дәстүрім – асыл қазынам» жобасын Әдет-ғұрып салт-дәстүр орталығының әлеуметтік желілердегі парақшаларында (инстаграм: salt_dastur_ortalygy, shymqala.etnoauyl, фейсбук: Салт-дәстүр орталығы) тамашалай аласыздар!

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.