ЖАС ВОКАЛИСТЕР ДОДАҒА ТҮСТІ Избранное

Среда, 03 Ноябрь 2021 04:34 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 1421 раз

Шымкентте тұңғыш рет жас вокалистердің ашық байқауы өтті. Байқау ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Вокал академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі жанындағы Жастар қанатының Шымкент қалалық бөлімінің ұйымдастыруымен қалалық саз колледжінде өтті.

214

 

Байқаудың мақсаты – вокалдық өнерді насихаттау және дамыту, музыка мектептерінің оқушылары мен орта арнаулы оқу орындарының студенттерінің орындаушылық шеберлігін арттыру, классикалық музыканың үздік үлгілері, заманауи авторлардың шығармаларымен танысу және жас әншілердің шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейту. Сонымен қатар, жас дарынды орындаушыларды анықтап, жастардың рухани дамуына ықпал ету.
Сайысқа Түркістан, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласынан 40 үміткер қатысты. Додада қазылар алқасына «Вокал академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры Азамат Жылтыркөзов төрағалық етті.
«Бұл байқау арқылы доданы жарып шығар талантар елімізде жететініне тағы да көз жеткіздік» – деді Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы. Байқау нәтижесінде 1 номинация бойынша Қазанқап атындағы Қызылорда музыкалық жоғарғы колледжінің студенттері Ерқанат Қалмен және Саят Сақитжан жеңімпаз деп танылды. Байқаудан кейін профессор Азамат Жылтыркөзов ұстаздар, студенттер және оқушыларға арнап шеберлік сағаттарын өткізді.

Амина СЕРКЕБАЕВА,
Шымкент қалалық саз колледжінің IV курс студенті

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.