ҚҰТТЫБЕК ЖАҚЫП – бейнелеу өнерінің феномені
Пятница, 19 Июль 2024 07:05Елімізге танымал, сәндік қолданбалы өнер шебері Құттыбек Жақыптың шығармашылығымен 30 жылдан аса таныспын, өте қанықпын десем артық айтқандығым емес. Бірнеше жеке көрмелеріне қатысу бақытына ие болғанмын. Құттыбек ағаның шығармашылығы туралы бірнеше мақалам да жарық көрді.
Қолдың сәні - білезік
Среда, 05 Июнь 2024 00:00Адам баласы ертеден-ақ өзінің жағдайына, талғамына, тұрмысына сай киініп, табиғи сұлулығын, көркемдігін көркейтіп, түрлендіріп көрсететіндей әдемі зергерлік бұйымдарды орнымен пайдалана да білген. Оған күні бүгінге дейін табылып жатқан біздің көне мұраларымыз бен музейлерде сақталған экспонаттар куә. Ол ерте дүниеден бері бір ұрпақтан, бір- ұрпаққа ауысып, әр дәуірде, әр қоғамда әртүрлі сипат алып, күні бүгінге дейін жетіп отыр. Ұлттық мәдениетіміздің тарихында зергерлік өнер ерекше орын алады. Зергерлік өте ертеден келе жатқан көркемдік өнердің түрі.
ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІНІҢ БАСТАУЫНДА БІЛІМ ТҰРСА...
Среда, 17 Июль 2024 06:10Бүгінгі қоғамда кездесетін сыбайлас жемқорлық, рухани азғындық, кейбір адамдардың ішкі мәдениетінің төмендігі мен мамандардың біліксіздігі секілді көптеген проблемаларды түбегейлі шешудің бірден-бір жолы – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру. Түбегейлі ұлттық модернизацияны жүзеге асырмайынша, мынау жаһандану дәуірінде өркениет көшіне ілесіп, бәсекеге қабілетті ұлт, өркендеген мемлекет болуымыз екіталай. Ал, ұлттың жаңа сапасын қалыптастырудың ең сенімді жолы – білімді, білікті, саналы һәм парасатты ұрпақ өсіру. Бүгінде мемлекет жас ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына қажетті жағдайдың бәрін жасап отыр. Соның айқын мысалы ретінде – Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын айта аламыз.
«СЕРПІН» – ЖАСТАРҒА ЗОР МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН ЖОБА
Среда, 17 Июль 2024 06:08Еліміздің жоғары оқу орындарында 13 шілдеден бері мемлекеттік білім беру гранттарының конкурсына қатысуға өтініштер қабылданып жатыр. Ол 24 шілдеге дейін жалғасады. Биыл құжат тапсыру eGov порталы арқылы онлайн және қабылдау комиссиясы арқылы офлайн форматта жүргізіліп жатыр.
ТҰРҒЫНДАРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЖАҚСАРТУ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ
Среда, 17 Июль 2024 06:07Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін қайтару жұмыстары мен жол құрылысы нысандарына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
ЖАҢА ГҮЛЗАР – ТҰРҒЫНДАРҒА ЖАЙЛЫ МЕКЕН
Среда, 17 Июль 2024 06:07Шымкент қаласында тағы бір жаңа гүлзар ашылды. Ол А.Асқаров көшесі мен Республика даңғылы қиылысындағы «Madlen» кондитерлік кофеханасы жанында орналасқан. Жалпы ауданы шамамен 4 000 шаршы метрді құрайтын сквердің ашылуына қала әкімі Ғ.Сыздықбеков те қатысты. Тұрғындар алаңсыз демалатын жаңа орында субұрқақ пен орындықтар қойылып, толық жарықтандырылған. Алдағы уақытта осы жерде ашық аспан астындағы кинотеатр да іске қосылады.
ШЫМКЕНТТІК 12 СПОРТШЫ ОЛИМПИАДАҒА АТТАНАДЫ
Среда, 17 Июль 2024 06:06Франция астанасы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 80 спортшы баратын болды. Төрт жылда бір келетін әлем додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лецензия иеленген.
ЭЛЕКТРОМОБИЛЬ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛЫНБАҚ
Среда, 17 Июль 2024 06:05Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Guyi Holding Company» құрамына кіретін компания өкілдері үш меморандумға қол қойды. Маңызды келісімдер мегаполис басшысының Сиань қаласына сапарының нәтижесінде жүзеге асып отыр.