Облыста 1074 учаскелік сайлау комиссиясы тiркелген Избранное

Вторник, 26 Январь 2016 04:32 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5193 раз

Еліміздегі маңызды саяси науқанға қазір қызу дайындық жүріп жатыр. 2016 жылдың 20 наурызына белгіленген сайлауға байланысты еліміздің Орталық сайлау комиссиясы күнтізбелік жоспарын бекітті.

92dcc8ffcc378867a977d63780c13620 LСайлау шеңберіндегі шараларға оңтүстікқазақстандықтар да азаматтық қолдау көрсетіп, белсенділік танытуда. Бүгінде облыс аумағындағы сайлау учаскелері кезектен тыс сайлауға дайын. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев мәлімдеді.

Қаулыға сәйкес, Парламент пен мәслихат депутаттарын сайлау бойынша оған тиісті қадағалау жүргізу міндеті облыстық сайлау комиссияларына жүктеліп отыр. Төрағаның айтуынша, облыс бойынша 1074 сайлау комиссиясы тіркелген. Ал облыс бойынша 50 сайлау округі болса, Шымкентте қала аумағының кеңеюіне байланысты округ саны 14-ке жетіп отыр. Қазір өңіріміздегі дауыс беру орындарында дайындық жұмыстары жүргізілуде. Комиссия төрағасы өз сөзінде кейбір елді мекендердің облыс орталығының аумағына енуіне байланысты өзгерістер болатынын да жеткізді.

С. ТАСТАНБЕК

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.