М. Т.Кальменова 1978 жылы 4 наурызда туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист, заңгер, экономика ғылымдарының кандидаты. Мемлекеттік тілмен қатар орыс, түрік, ағылшын тілдерін жетік меңгерген.
Маржан Тынысбекқызы еңбек жолын Алматы қаласы көші-қон және демография жөніндегі басқармасының көші-қон бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Экономика және менеджмент кафедрасының оқытушысы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ақпараттық-тестілеу орталығының бас маманы, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бөлім басшысы (Астана қ.), ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің әкімшілік жұмыс департаменті кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бөлім басшысы (Астана қ.), ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқарма басшысы (Астана қ.), ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқарма басшысы (Астана қ.), ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету басқарма басшысы (Астана қ.) лауазымдарын атқарған.
Соңғы атқарған қызметі – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету басқарма басшысы.