Балаларға жақсылық жаса!

Пятница, 05 Август 2016 05:39 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 4302 раз

Оңтүстік Қазақстан облысында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы бастау алды. Тамыздың 1-нен бастап қыркүйек айының 30-на дейін жалғасатын шара Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өтпек.

g.zhusipovaБұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Ғалия Жүсіпова хабарлады. Аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуды мақсат тұтқан акция соңғы сегіз жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

– Осы 8 жыл ішінде республика бойынша 2 миллионнан астам балаға жалпы сомасы 10 млрд. теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Оның ішінде, былтыр «Мектепке жол» акциясы шеңберінде түрлі тақырыпта қамқорлық акциялары өткізіліп, жалпы саны 21656 балаға материалдық көмек берілді. Оның 12918-не бюджет қаражаты есебінен бір жолғы мектеп жабдығы берілсе, қалған 8738 балаға бюджеттен тыс демеушілер қаражаты есебінен материалдық көмек берілді. Облыс бойынша материалдық көмек алған 21 мыңнан астам оқушыға 230 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсалды, – деді Ғ. Жүсіпова.
ОҚО әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, барлық деңгейдегі мекеме басшылары, аудан әкімдері, іскер азаматтар, белсенді топтар, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен аудандық, қалалық білім бөлімдері, мектеп басшыларын және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін атсалысуға шақырылып отырған шараға Сіз де қатыса аласыз. Ол үшін алдағы екі ай көлемінде 24-75-25 сенім телефоны жұмыс істейтін болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.