Әлеумет сауалы әлеуметтік желіде шешімін табуда Избранное

Пятница, 05 Август 2016 05:28 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 4290 раз

Шымкент қаласы әкімдігінде кері байланыс қызметі жолға қойылуының нәтижесінде «Whatsapp» қызметі, қала әкімдігінің ресми сайтындағы виртуалды қабылдау бөлімі, «Instagram-Direct» қызметі арқылы қала тұрғындарының өтініш-сұрақтарына жауап беріліп келеді.

13880387 1769134816666211 6611545316478400964 n

Әуелі, қала әкімдігінің бастамасын жүзеге асырылғалы ұялы телефондағы «Whatsapp» бағдарламасы бойынша 6 ай ішінде 1665 өтініш келіп түскен. Оның 1588-не жауап қайтарылды және 35-і қаралу үстінде, сонымен қатар 42 өтініш қарастырылмады.

Ал Шымкент қаласы әкімдігінің www.shymkent.gov.kz ресми сайтының виртуалды қабылдау бөліміне 181 өтініш келіп түсті. Оның 169-на дер кезінде жауап беріліп, 12 өтініш қаралу үстінде. Сондай-ақ ресми сайттың Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды почтасына жыл басынан бері 203 хат келіп түскен. Оның 176 хатына дер кезінде жауап беріліп, 9 хат қаралу үстінде. Ал 18 хат Шымкент қаласына қатысты болмағандықтан қараусыз қалдырылды.

Айта кетерлігі, қала әкімінің тікелей тапсырмасымен қолға алынған «Instagram-Direct» қызметі бойынша күн сайын тұрғындардың өтініштеріне уақытылы жауап қайтарылуда. Мәселен, Instagram әлеуметтік жүйесіндегі @akimat.shymkent парақшасының «Direct» қызметіне үстіміздегі жылдың 19-шы мамырынан бері (инстаграмның жұмыс істей бастаған уақыты) 300-ден аса өтініш келіп түскен. Оның 90 пайызы қаланы абаттандыру және коммуналдық шаруашылығына қатысты сұрақтар болып табылады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.