Тұрғындар талабы – назарда Избранное

Среда, 10 Август 2016 04:54 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 5364 раз

Абай ауданы – Шымкент қаласына қарасты аумағы жағынан ең үлкен аудандардың бірі. Үшінші мегаполис мәртебесіне ұмтылған қаланың бір бөлігі болғандықтан мұнда қазіргі таңда бірқатар шаруалар қолға алынып жатыр. Солардың біразы шағынаудандарда іске асуда.

DSC 0958  20160628 112653 

Атап айтқанда, аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен көшелерге шағал тас төселді. Бұл ретте шаруашылық жұмыстарының жүзеге асуына демеушілер тарапынан көп көмек көрсетіліп жатыр. Мәселен, «Аккорд» ЖШС жуырда «Ақтас» елдімекеніне көпір салып, көшеге шағал төсеп берді. Жалпы, «Ақжар» тұрғын алабындағы 4 көшеге (Жастар, Өркен, Ұшқын, Жаңа құрылыс) 3200 метр жолға шағал төселді.

«Ақтас» шағынауданындағы Шымкент – Ташкент жаңа трассасы бойынан мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары және мал өту үшін 2 жер асты өткелі салынды. Ақтас шағынауданындағы №61 орта мектептің көшесіне 1000 метр асфальт төселіп аяқжол жүргізілді. Бұл жаңа құрылыстың салынуы, ауыл тұрғындарын да қатты қуантып отыр.

Сонымен қатар, аулаларды жарықтандыру бойынша біршама жұмыстар жүргізілді. «Ақтас-2» тұрғын алабында 3 электр трансформаторы қуаттылығы жоғары трансформаторға ауыстырылса, «Ақтас» шағынауданында Шымкент-Ташкент жаңа трассасы бойынан ұзындығы 9000 метр көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. 

Елдімекен тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінде тұр. «ЛТД Тұрмыс» мекемесі арқылы «Ақтас-2» елдімекені тұрғындарына ауыз суды аптасына екі рет тасымалдап жеткізіп беруде. «Ақтас» шағынауданындағы жобадан қалып кеткен 24 үйге ауыз су жүргізілсе, «Ақжар» тұрғын алабында негізгі ауыз су құбырын жүргізгенге дейін халықты ауыз сумен қамту мақсатында ауылға кіре берісте арнайы ауыз су тарату дүңгіршегі салынды. 

Ал жаңа оқу жылы қарсаңында №73 негізгі орта мектеп ғимаратының құрылысы аяқталып пайдалануға беріліп отыр.
Жалпы, ауданға қарасты шағынаудандар мен елдімекендердің тұрмыс тіршілігіне қажетті шаруаларды күн тәртібінен түсірмей атқару әкімдік қызметкерлерінің міндетінен еш қалыс қалған емес.

Последнее изменение Среда, 10 Август 2016 09:13
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.