Шымкенттік жас ғалым тың жобасымен ауыл шаруашылығын дамытуға болатынын іс жүзінде дәлелдемек. Өңірдегі өсімдіктердің пайдалы қасиеттерін зерттеумен мектеп кезінен айналысып жүрген Рәт Ерубай есімді өнертапқыш жақында жастардың «STARTUPBOLASHAK – МЕНІҢ АРМАНЫМ» бизнес-жобаларының ұлттық байқауының ақтық сынына жолдама жеңіп алды. Жаңа жобасы арқылы кәсіп ашуды көздейтін студент өңірдегі өсімдіктерді пайдаға жарату жолдары жайында айтып берді.

20

Үшінші мегаполистегі ғалымдар келер жылы жаңа өнім түрін өндіріске ұсынады. Жеміс-жидектердің сүйектерінен май және белсендірілген көмір алуға болатынын шымкенттік ғалымдар ғылыми түрде дәлелдеп отыр. Тың жоба турасында 300-ге жуық ғылыми еңбек жарияланып, көптеген тәжірибелік зерттеу жүргізілген. Сараптама қорытындысына сәйкес, өңірде өсетін жеміс сүйектерінде пайдалы химиялық элементтердің аса көптігін анықтау арқылы ғалымдар жаңа өнімін патенттеп, өндіріске ұсынғалы отыр.

14

Жеткізу қызметі іске қосылады

Пятница, 26 Октябрь 2018 05:10

Үшінші мегаполисте «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жеткізу қызметі іске қосылады. Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары жүріп-тұруы қиын шаһар тұрғындарының өтініштерін мемлекет тарапынан қарастырылған арнайы цифрландырылған құралдармен жеткізбек.

IMG 2989

Бұл жоба 7-8 мың азаматқа онлайн режимде, компьютер немесе смартфон арқылы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуге қолайлы орта жасау мақсатында қолға алынып отыр. Шымкент қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Ержан Серікбаевтың айтуынша, 33 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат есепте тұрады.
– Осы азаматтардың ішінен бір терезе қағидасы аясында жыл басынан бері жүріп-тұру және гигиеналық құрал-жабдықтармен жалпы 10 мыңнан аса адам қамтамасыз етілсе, сауықтыру және оңалту орталықтарына 2 мыңнан аса азамат жолдама алды, ал мыңнан астам адам «Әлеуметтік такси» қызметтерімен қамтамасыз етілген. Аз қамтылған азаматтарға, ардагерлерге және зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау көрсету бойынша жұмыстарға тоқталатын болсақ, жыл басынан бері 25 мыңнан астам мұқтаж азаматтарға қолдау көрсетілді. Яғни, сауықтыру орталықтарына жолдамалар, мерекелік бір реттік әлеуметтік көмектер, 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмектер берілді. Сонымен қатар, жаңа форматтағы шартты және шартсыз ақшалай көмектер және тұрғын үй көмектеріне қол жеткізді. Ал үйге жеткізу қызметі бойынша жұмыс жүргізілуде. Ол қаңтар айынан басталады, - дейді орталық басшысы.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында орталықта жүзеге асып жатқан тиімді бастамалардың бірі әрі бірегейі – цифрлық кабинеттер. Мұнда электронды қолтаңба ашу және жабу, үйден шықпай мемлекеттік қызметтерді алу, Enbek.kz порталынан жеке кабинет ашуға болады, құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша сабақтар өтеді. 9 мыңға жуық азамат тегін цифрлық сауатты арттыру курсын оқыса, жыл соңына дейін тағы 3500 азамат білімін жетілдірмек.
Жұмыс берушілерді қолдау секторы бөлім басшының орынбасары Лаура Абилова цифрлық кабинетте үйретіліп жатқан азаматтарға электронды еңбек биржасының тиімді екенін атап өтті.
– Бүгінгі таңда 75 мыңға жуық жұмыс беруші аталған порталды қолданады. Яғни, екі қолға бір күрек іздеген азаматтарға ең қолайлы ресурс деуге болады. Жұмыс іздеушілер түйіндемесін порталға орналастыру арқылы мамандығына сәйкес жұмыстарын таба алады. Ал орталыққа тек жолдама алуға ғана келеді. Бұл порталдың жұмыс берушілерге де тиімділігі артқан. Бұрын ұсыныс парағын алып орталыққа келетін. Қазір бәрі онлайн рәсімделеді. Бүгінгі таңда 8 мыңнан аса жұмыскер осы портал арқылы қажетіне қол жеткізіп отыр,- дейді маман.

Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Қазіргі таңда әлемдік спортта бәсекелестік өте жоғары.
Қазақстан спортшылары халықаралық ірі жарыстарда топ жарып, көк байрағымыз асқақтай түсуде. Ал спортшылардың жеңіске жетіп, биік шыңнан көрінуіне үлкен үлесін қосатын маманның бірі - спорт дәрігері екені даусыз. Ендеше, осы спорт медицинасы саласының үшінші мегаполистегі бүгінгі деңгейі қандай деген сұрақ төңірегінде сала мамандарымен әңгіме өрбіткен болатынбыз.

999

– Қазіргі таңда облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері есебінде спорттың 40 түрінен 42 мекеменің және дене шынықтыру-спорттық ұйымдардың спортшылары есепте тұрады, – дейді аталған мекеменің бас дәрігері Ирина Добилова. – Олардың ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелері, чемпиондар мен Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері бар. Тоқталып өтетін болсақ - Жайна Шекербекова, Назым Қызайбай, Жазира Жаппарқұл, Арли Чонтей, Сабина Аширбаева, Отгонцэцэг Голбадрах, Наталья Сергеева, Александр Емельянов, Мария Дмитриенко, Рашид Юнусметов, Юрий Юрков және тағы да басқа көптеген спортшыларға облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері мамандарының тарапынан жаттығу үдерісінің барлық кезеңдері аралығында кәсіби дәрігерлік-биологиялық қызмет көрсетіледі. Ашылған күннен бастап бүгінгі күнге дейін облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің негізгі қызметі өңірдегі дене шынықтыру және спортын медициналық қамтамасыздандыруға бағытталған.
Өңірдегі спортшылардың денсаулығын қадағалап отыратын орталықта 70-ке жуық дәрігер қызмет етеді. Оның құрылымында спорттық медицина және оңалту бөлімшесі бар. Спорттық медицина бөлімшесіне спортшыларды тіркеу бөлмесінен бастап спорттық медицина кабинеті, арнайы мамандар бөлмесі (отоларинголог, офтальмолог, хирург, невропатолог, травматолог-ортопед), УДЗ, функциональді диагностика, зертхана, стоматологиялық кабинеттері кірсе, оңалту бөлімшесінде физиотерапевтік, сылап-сипау кабинеті, емдік дене шынықтыру залы, «Нуга-Бест» термомассаж кабинеттері жұмыс істейді.
– Жоғарыда атап өткеніміздей, 42 спорт мекемесімен екі жақты келісім жасасқанбыз. Аталған спорттық мектептер мен орталықтардың спортшыларын медициналық тексеру бекітілген кестеге сәйкес, яғни, жыл бойы кемі 3 ай сайын тегін өтеді. Оның ішінде жылына бір рет келетіндері бар. Ал спортшыларды жарыс алдында немесе одан кейін міндетті түрде бақылауда ұстаймыз. Дұрыс тамақтануына кеңестер береміз. Бір қуантарлығы – биыл заманауи талапқа сай емдік-диагностикалық құралдар алуға 58 млн. теңге бөлінді. Бұған дейін бізде медициналық жабдықтар ескі еді. Енді спортшылардың денсаулығын дер кезінде тексеру жаңа технологияның көмегімен жеңілдей түсуде, – дейді бас дәрігер.
Ирина Добилованың айтуынша, бөлінген қаражатқа шетелде жасалған жабдықтар әкелінген. ЭКГ, АҚ холтерлік (тәуліктік) мониторирлеу кешені мен BTL – 08 компьютерлік бағдарлама базасында стресс-тест жүйесін анықтауға болады. BTL - 08 SD аксессуарларымен (жүгіру жолшасы) сынды жаңа медициналық құрылғылар ендігі болашақ чемпиондардың игілігіне жарамақ. Бұған қосымша оңалту мақсатында жаттығу жасауға тренажерлер мен аппараттар да сатып алынған. Ал дәрігерлер алдағы уақытта шаһарда ашылып жатқан жеке меншік иесіндегі спорттық үйірмелермен де бірге жұмыс жасауға әзір екенін айтты.
Ал Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінде 236 спортшы 12 спорт түрімен шұғылданады. Олардың қатарында Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген, халықаралық дәрежедегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының спорт шеберлері мен I санаттағы, спорт шеберіне үміткер спортшылар бар. Мектеп дәрігерінің айтуынша, спортшылардың денсаулығы үнемі бақылауда.
– Олар жылына бір рет жоспарлы, тереңдетілген медициналық бақылаудан облыстық дене тәрбиесі диспансерінен өтеді. Бақылау барысында спротшылар терапевт, кардиолог дәрігерлерінің қабылдауында болып, УЗИ, ЭКГ зерттеулерінен өтіп, қан құрамына да зерттеу жүргізіледі. Ал республикалық жарыстарға қатысу үшін алдымен мектеп дәрігерінің тексеруінен өтіп, ұсыныс алады. Жыл бойы жоспарға сәйкес кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі медициналық кабинетінің қызметкерлері спортшыларға бірінші медициналық көмек көрсетіп отырады. Сонымен қатар мектептегі барлық спортшыларға дене күш-қуатын үдету мақсатында дәрумендер беріледі, егер жарақат алған жағдайда қайта қалпына келтіру массаждарын қабылдайды, - дейді кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің дәрігері Айымбүбі Балбаева.
Спортшылардың денсаулығына жауапты мамандардың сөзінше, сабақ кестесіне сәйкес жаттығу барысында спортшылардың қан қысымы мен жүрек соғысын назардан тыс қалдырмайды. Ақ халаттылар жаттығу өтетін зал мен шешіну, жуыну бөлмелерінің санитарлық тазалығына да аса мән беретіндерін айтты.
Ал халықаралық спорт журналисі Руслан Меделбек еліміздегі спорт дәрігерлері жалпы медициналық білімі бар мамандар ғана екенін алға тартуда.
– Еуропа елдерінде спорттық медицина жеке факультет ретінде оқытылады. Әсіресе, Германия, Канада, АҚШ, Австралия, Қытай, Жапония, Корея мемлекеттерінде бұл сала жақсы дамыған. Ал біздің спортшыларымыздың денсаулығын бақылайтын ақ халаттылар жоғары оқу орындарында жалпы медицинаны ғана оқыған. Менің жеке көзқарасым, егер бұл салаға көңіл бөлініп, қарқынды түрде дамыған болғанда допинг даулары болмайтын еді. Көбіне жеңілісті сәтсіздікке балап, жылы жабылып қалатыны бар. Бұл тақырып зерттеуді қажет етеді деп санаймын.
Жуырда облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері жаңа облыс орталығы - Түркістанға қоныс аудармақ. Сала мамандары алдағы уақытта шымкенттік спортшылардың денсаулығын қадағалайтын орталықтың қажеттілігі туындайтынын жасырмады. Елбасы Қазан Жолдауында өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы осы орайда Үкіметке және әкімдерге кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырып отыр. Ендеше, дәрігерлердің спорт саласындағы өзіндік орнын ескерсек, жаңадан салынатын бұл спорттық нысандармен қоса спортшылардың саулығына көңіл бөлінетін орталық та қажет-ақ.

Еңбегі ерен ардагерлер ардақталды

Пятница, 12 Октябрь 2018 04:49

Өңіріміздің мәдениет және ақпарат саласына еңбегі сіңген ардагерлері құрметке бөленді. Қаладағы кәсіподақтар орталығына жиналған облысқа белгілі азаматтар Халықаралық қарттар күні аясында марапатқа ие болды.

 DSC3548

Мерекелік шараны ұйымдастырған қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов пен облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Серік Әуесханов ардагерлерді қарттар күнімен құттықтап, олардың мәдениет саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқандарын атап өтті.
Бұл күні зейнетке шыққан 20-дан астам ардагер облыстық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы, «Нұр Отан» партиясының облыстық филалы және облыстық ардагерлер кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Құрметке бөленгендердің қатарында өнер майталмандарынан Құрманбай Шойынбеков, Құралай Сәтмұхамбетова, Райымқұл Темірбаев, режиссер Әскер Құлданов, ақпарат саласының үздіктерінен Асхан Майлыбаева, Людмила Ковалева, сонымен қатар археолог-фототілші Александр Грищенко мен ұзақ жылдар бойы облыстық кітапханаларды басқарған, өңірдің мәдени әлеуетін дамытуда сүбелі үлестерін қосқан еңбек ардагерлері болды.
Дөңгелек үстел басында барлық марапат иелерінің өңірдің экономикалық-мәдени дамуына қосқан үлестері мен еңбек жолындағы жетістіктері де сөз болды. Жиын соңында ардагерлер кәсіподақ басшылығына алғыстары мен жылы лебіздерін білдіріп тарқасты.

Болашақ ұландар ант берді

Среда, 10 Октябрь 2018 04:09

Жас сарбаздар Отанға адал қызмет етуге ант етті. Кеңес Одағының батыры Сабыр Рақымов атындағы Шымкент «Жас ұлан» республикалық мектебінде 10 сынып тәрбиеленушілерінің ант қабылдау салтанатты шарасы өтті.

IMG 20181006 092530

– Бұл Отанына адал, сабақ үлгерімі жақсы шәкірттерге арналған әскери антқа ұқсас рәсім,– деді мектептің тәрбие жұмыстары бөлімшесінің бастығы Сәкен Омарбеков. – Бізде 400-ге жуық ұлан білім алады. Жыл сайын болашақ сарбаздар осылай ант береді. Биыл Қорғаныс Министрінің №35 бұйрығына сәйкес әскери мектепке қабылдау ережесінде өзгерістер болды. Бұған дейін 9 сынып оқушыларын оқу үлгерімі арқылы қабылданса, бұл жолы тесттен жоғары нәтижеге қол жеткізгендер оқуға тапсырды. Болашақ ұландар математика және қазақ тілі (орыс тілі) пәнінен білімдерінен сыналды. Республикалық әскери мектеп-интернаттарында оқу мерзімі - 2 жыл. Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мектебінің 9 сыныбын тәмамдаған және негізгі орта білім туралы куәлік алған ер балалар қабылданады. Оқушылардың әскери мектептерге оқуға түсуге ниет білдіруі туралы өтінішті әскери мектептерге тікелей ата-аналар береді. 1984 жылы құрылған әскери мектеп-интернаты Суворов мектептерінің үлгісі бойынша қалыптасқан.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп тәрбиеленушілеріне Отанға қызмет етуде сүйіспеншіліктерін ояту. Шымкент республикалық мектебінің жас ұландары ант беруден алдын мектеп аумағында орналасқан Кеңес Одағының батыры генерал-майор Сабыр Рақымовтың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоғын қойды.
Салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Ұландар қоян-қолтық ұрыс әдістерін көрсетсе, әскери бөлімдерден келген қонақтар ән орындады. Классикалық вальс биін билеген ұландардың өнері жиналған көпшіліктің қошеметіне бөленді. Ант қабылдау рәсіміне Тәжік-Ауған соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, ұлтаралық жауынгерлер, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, әскери бөлімдер мен мекемелердің командирлері келді.

Смартфонға үңілген, құлаққап ілген жастарды қала көшелерінде көру бүгінде үйреншікті жағдай. Бұл - өздерінің тілімен айтқанда «онлайн» болу. Яғни, «хабардамын» дегенді білдіреді.

3

Осы жастар үшін жуырда жастар ресурстық орталығының бастамасымен арнайы «Жастар онлайн» телевизиялық жобасы көрермен назарына ұсынылмақ.
Жастардың саяси сауаттылығын арттырып, мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктерді кеңінен насихаттап, өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар беру, көкейдегі мәселелерін қарап, сұрақтарына кеңінен жауап беру – аталған жобаның басты мақсаты.
– Жобада «Мамандық таңдау – маңызды қадам», «Өңірдегі волонтерлік желінің даму қарқыны мен болашағы», «Жайдармандағы жалынды жастық шақ»,
«Қазақстандағы жастардың шет елде білім алу мүмкіндіктері мен арнайы бағдарламалар», «ЖАС МЕДИА» жастар жобасы, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, «Жас режиссерлар мен актерлардың бүгіні мен болашағы», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» т.б. тақырыптары қамтылады. Жалпы 24 бағдарламадан тұрады,– дейді орталықтың баспасөз хатшысы Айгүл Әлішер.

Жас кәсіпкерлер - парасат сайысында

Понедельник, 08 Октябрь 2018 04:09

Шымкенттік жас кәсіпкерлер зияткерлік сайыста бақ сынасты. Қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Geneva Business School» халықаралық білім беру ұйымының ұйымдастыруымен ауқымды жоба бастады. Енді алдағы үш айда шаһардағы бизнес өкілдерінің тапқырлары өзара мықтыны «Парасат майданында» анықтамақ.

42967040 2186263521383648 7746140068577804288 n

Ауқымды жобаның алғашқы айналымына 40-тан астам кәсіп иесі жиналды. Топқа бөлінген бизнесмендер білімдерін ортаға салып, келесі айналымға өтудің әрекетін жасады.
– Сайыстың мақсаты – қаладағы ірі кәсіпорын басшылары мен кәсібін енді бастап жатқан жастардың басын қосу. Сол арқылы білім алаңына жиналған кәсіпкерлерді бейресми форматтағы кездесуде жарыстыру, – дейді басқарма басшысы Жандос Қалтаев. – Жоба, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік өкілдерінің әріптестігін нығайтуға, қатысушыларға дүниетанымын кеңейту, білімін сынға салу және жаңа достар табу мүмкіндігін сыйлауға бағытталған. Жақында ғана Елбасы қаламызға келіп, халықаралық білім ордаларының филиалдарын үшінші мегаполисте ашу және оған мүмкіндік жасау керек деп тапсырма берген болатын. Ал «Geneva Business School» халықаралық білім беру ұйымы оның мүмкін екенін дәлелдеу үшін алғашқы қадам ретінде осындай зияткерлік сайысын өткізуді сұрады. Біз оған қолдау білдіріп отырмыз.
«Парасат майданы» сайысы 5 кезеңнен тұрады. Сайыстың шарты бойынша қатысушы топтар алғашқы екі кезеңде логикалық сұрақтарға тез әрі нақты жауап беру керек болса, үшінші сында суреттердің мәнін ашуы тиіс. Төртінші кезеңде кәсіпкерлер күрделі 7 сұраққа мүдірместен жауап берсе, соңғы турда ең қиын 5 сауалдың шешімін табу керек еді. Осылайша 7 топ та өздерінің осал емес екендерін дәлелдеді. Ал байқауда жалпы ұпай саны бойынша алғашқы орындардан көрінген 2 топқа Тәуелсіздік күні қарсаңында өтетін ақтық сынға жолдама және жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

Страница 43 из 51