ӨТІНІМДЕРДІҢ НӘТИЖЕСІ 30 ҚЫРКҮЙЕКТЕ АЙҚЫНДАЛАДЫ Избранное

Понедельник, 03 Октябрь 2022 05:27 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 438 раз

Биыл 28-29 шілде аралығында «Жастар бағдарламасы» арқылы берілетін пәтерлерге 1631 өтінім келіп түскен. Бүгінде комиссия тарапынан жастардың өтінімдері қаралып жатыр. Осы қаралымның нәтижесі 30 қыркүйекте айқындалады. Азаматтар өтінім нәтижесін өздерінің жеке кабинетінен көре алады.

312

 

«Жастар бағдарламасын» жүзеге асыру барысында соңғы екі жылда иелігінде тұрғын үй тіркелмеген, декреттік демалыста отырған, яғни табыс көзі жоқ, соңғы екі жыл қалада тұрақты тіркеуі болмаған, жиырма тоғыз жастан асқан, табысы 40 АЕК-тен төмен, шындыққа сай емес мәліметтер көрсеткен азаматтардың өтінімдері қаралмайтынын естеріңізге саламыз.
Айта кетсек, бұл бағдарлама бойынша 2020 жылы – 904 азамат, 2021 жылы – 300 азамат пәтермен қамтылған болатын. Биыл бағдарлама шеңберінде 857 жасқа арендалық пәтерді үлестіру жоспарланып отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.