КӨМІР САТЫЛАТЫН 7 ОРЫН БЕЛГІЛЕНДІ Избранное

Понедельник, 03 Октябрь 2022 05:26 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 833 раз

Шымкент қаласында көмірге деген қажеттілік 66 мың тоннаны құрап отыр. Алайда, Түркістан облысының жақын маңында орналасқан елді мекендердің халқы қысқы отынды қаламыздан тасымалдайтынын ескерген жөн. Сондықтан қыс қамына қазірден бастап қамданған абзал. «Осы кезге дейін шаһарға 116,1 мың тонна көмір тасымалданды. Қоймаларда қазіргі күні 25 мың тонна көмір бар», деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

310

 

Қазіргі таңда 1 тонна көмірдің бағасы 14 750 - 15 100 теңге аралығында сатылып жатыр. Қыс – қыр астында. Қыркүйек айының соңы да таяп қалды.
Күн суығанда азаматтардың көмірді жаппай сатып алуы көбейеді. Кезекке тұрып, күнұзақ күтіп қалмау үшін осы сәттен бастап тұрғындар қысқы отынын қамдануы тиіс.
Шымкент қаласында қазір көмір сататын 7 орын белгіленді. Атап айтқанда:
1. ЖК «Пернебаев» - Қызылсай темір жол станциясы
2. ЖК «Құралбаев» - Қызылсай темір жол станциясы
3. «Азамат Мұнай» ЖШС - Қойкелді батыр көшесі, номерсіз
4. ЖК «AVZ-NRADE» - Сайрам тұрғын алабы, Яссауи көшесі, 650
5. ЖК «Arganat» - Клара-Цеткина көшесі, 159
6. «VIP-M» ЖШС - Қойкелді батыр көшесі, номерсіз
7. ЖК «Қошжанов» - Момынов көшесі, 26
Байланыс нөмірлері:54-96-54 8775 833 31 38 (Әл-Фараби ауданы)
53-03-20 87071638292 (Абай ауданы)
43-31-09 8702 670 33 00 (Еңбекші ауданы)
77-46-18 8771 828 40 74 (Қаратау ауданы).

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.