ҮШ КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

Понедельник, 03 Октябрь 2022 05:30 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 565 раз

Шымкент қаласы орталығынан шалғай жатқан елді мекендердің ішкі жолдарын жөндеу жұмыстары қарқын алды. Қала басшысы М.Әйтенов Алтынтөбе тұрғын алабындағы Өтебай, Жамалов және Нұрлыбай көшелеріне асфальт төсеу жұмыстарын зерделеді.

311

 

Үш көшеге орташа жөндеу жұмыстарына арналып, әзірленген сметалық құжаттамаға сәйкес, ұзындығы 1,0 шақырым Жамалов, Нұрлыбай көшелеріне 0,4 шақырымды құрайтын Өтебай көшесіне асфальт қабатын төсеу жұмыстары атқарылды. Қала әкімі, жұмыстардың бекітілген стандарттарға сәйкес тексеру жұмыстарынан кейін қабылданатынын атап өтті.
Айта кетейік, тұрғын алаптағы тас жолдарды асфальттау жұмыстары Шымкент қаласының 2025 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес жүргізілуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.