ЕЛ ИГІЛІГІНДЕ – 160 АЯЛДАМА Избранное

Понедельник, 03 Октябрь 2022 05:31 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 501 раз

Қаланың орталық көшелері заманауи үлгідегі жаңа 160 аялдамамен толықты. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, жаңа типтегі аялдамалар жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес орнатылады.

315

 

Кешенді схеманы әзірлеудегі мақсат, елді мекендерді қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету және қоғамдық көліктердің қозғалысын қала тұрғындарының жүріп-тұруына оңтайландыру. Сала мамандарының айтуынша, аялдамалардың ұзақ сақталып, қаламызды көркейтіп тұруы тек сапасына ғана емес, қала тұрғындарының жауапкершілікпен қарауына да байланысты.
Ал, қолданысқа жарамды ескі аялдамалар қала аумағына қосылған елді мекендер аумағына орналастырылуда. Атап айтқанда, Жыланбұзған, Маятас, Қарабастау тұрғын алаптарының аялдамалары жаңарған.
Жалпы, Шымкент қаласы бойынша 1886 аялдама орны бар. Оның ішінде 1336 аялдама павильоны бар, қалғанына аялдама белгілері орнатылған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.