ШЫМКЕНТТІК ҒАЛЫМ ОЗЫҚ ТЕХНИКА ОЙЛАП ТАПТЫ Избранное

Пятница, 14 Октябрь 2022 05:18 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 832 раз

Шымкенттік ғалым, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлыбай Манабаев Қазақстан және жақын, алыс шет мемлекеттерде аналогы жоқ Умно-4/1 тіркемесін ойлап тапты. Бұл «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу» бағдарламасы аясында іске асырылған озық инновациялық жоба болып саналады.

368

 

Аталған жоба М.Әуезов атындағы ОҚУ тарапынан ұсынылған болатын. Жоба жетекшісі Нұрлыбай Манабаев Умно-4/1 тіркемесінің әмбебап көпфункционалды аспалы құрылғы екенін айтады. Аталған тіркеменің әзірге 3 данасы Z (Зет)» ЖШС-нің зауытында жасалып шығарылды. Бұл тіркеме шаруаларға өте тиімді. Себебі, Умно-4/1 тіркемесімен ауылшаруашылығы жерлеріне қатысты 4 қызметті атқаруға болады.
Атап айтқанда шаруалар жер тегістеу, арық алу және қопсыту жұмыстарын бір техниканың көмегімен жүзеге асыра алады. Сонымен қатар, атмосфераға шығарылған газдардың шығуы 2-3 есе азаяды, агрегаттың өнімділігі 50% - ға дейін артады, егістікті сапалы дайындау есебінен өнімділік 10-15%-ға көбейеді. Сондай ақ, тіркемені басқа пішінге қайта өзгерту тек 10-15 минутты алады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.