«ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ – ҰЙЫМШЫЛ» Избранное

Пятница, 14 Октябрь 2022 05:22 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1041 раз

Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданы өндірістік аудан саналады. Аудан халқы мен әкімдігі бірлесіп жұмыс істеп, ұйымшылдық танытуда. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындармен дәстүрлі есепті кездесуінде айтты.

367

 

Қала әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасына сай биылдан бастап әкімдердің халық алдында есеп беруі жаңаша форматта өтіп жатқанын айтты. Осыған сәйкес жыл басынан бері Шымкент қаласының әкімі тұрғындармен 127 кездесу өткізіп, онда 1020 мәселе көтерілген.
– Осы мыңнан астам мәселенің 576-сы шешімін тапты, 249-ы орындалуда. Ал 195 мәселе 2023-2025 жылдардың жоспарына енгізілді. Жалпы, тұрғындар ең көп сұрайтын мәселе – инженерлік инфрақұрылым. Осыған байланысты мегаполисті дамытудың кешенді жоспары жасалған. Тиісті жұмыс атқарылуда. Қазіргі таңда қала тұрғындарының ауызсумен қамтылу көрсеткіші 99 пайызды құраса, 2023 жылы 100 пайызға жеткізілмек. Электр энергиясымен қамтамасыз ету көрсеткіші де дәл осындай. Ал табиғи газ пайдаланатын тұрғындар саны биыл 94,7 пайызды құрап отыр. 100 пайызға 2025 жылы қол жеткіземіз деген жоспар бар. Бұл тұста тұрғындар да көмек беріп, өзекті мәселелерді бірге анықтап, кейін нысандарды күтіп-ұстаса, жақсы болар еді. Осы орайда Еңбекші ауданының тұрғындары ұйымшыл келеді, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Қала әкімі Шымкенттің жалпы көрсеткіші мен даму жоспарына тоқталса, Еңбекші ауданының әкімі
Досбол Күздікбайұлы өндірістік аудан саналатын ауданда атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Есепті кездесуде тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қос әкімнің жауабын тыңдады.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.