ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ ҮЛГІДЕГІ ГҮЛЗАР АШЫЛДЫ Избранное

Пятница, 14 Октябрь 2022 05:23 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 987 раз

Шымкентте ерекше гүлзар тұрғындардың пайдалануына берілді. Нысанның ашылуына қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы келді. Демалыс орны 11-шағынауданның ортасынан орын тепкен. Мұрат Дүйсенбекұлы саябақты аралап, жергілікті тұрғындармен тілдесті.

369

 

– Мемлекет басшысының тапсырмасымен қаламызда тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Міне, соның бірі – жаңа гүлзар ел игілігіне беріліп отыр. Мұның барлығы – сіздер, тұрғындар мен балалар үшін. Ендігі мақсат – осы ортақ мүлікті күтіп ұстап, қамқорлық таныту керек, – деді Мұрат Әйтенов.
Тұрғындар қалада абаттандыруға байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға алғыс айтып, ақ жаулықты аналар батасын берді. Қала әкімі бастаған қонақтар гүлзар аумағына тал көшеттерін екті.
Жаңа гүлзар ерекше үлгіде салынған. Жауапты мамандар, бұл демалыс орны, әсіресе кешкі уақытта әсемдене түседі дейді.
Гүлзар жалпы аумағы 1,6 гектар учаскеде орналасқан, көп қабатты бірнеше үйдің ауласын ортақ композицияға біріктіріп отыр.
Мұнда амфитеатр, субұрқақтар, шахматқа арналған алаң, велосипед және көлік тұрағы, үстел теннисіне арналған алаң, тренажерлар, баскетбол және футбол алаңдары, арқан паркі қарастырылған. Бас мердігер – "Импульс" ЖШС құрылысты 9 айда аяқтауға жақын.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.