«Kazakhstan Fashion Week» сән апталығы өтті Избранное

Пятница, 21 Октябрь 2022 04:52 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 815 раз

Шымкентте «Lexus Shymkent» орталығында дәстүрлі «Kazakhstan Fashion Week» сән апталығы өтті. Осымен бесінші жыл қатарынан өтіп жатқан сәнгерлердің басқосуына Қазақстаннан өзге ТМД елдерінен танымал дизайнерлер қатысты.

601

 

Іс-шараның басты мақсаты – отандық өнімді қолдау және дизайнерлердің топтамасын көпшілікке таныстыру. Кеште алғаш болып қазақстандық белгілі дизайнер Аида
Кауменованың сән топтамалары көрсетілді.
– Үшінші мегаполис тұрғындарына жаңа топтамаларымызды алып келдік. Көрсетілім 4 кезеңнен тұрады. Кестелеп тігілген, ұлттық нақыштағы, қызғалдақ қаланың ерекшелігі ескерілген заманауи үлгідегі киімдер және күз мезгіліне сай сыртқы киімдерді де ұсындық. Қазіргі кезде Қазақстан дизайнерлерінің беделі әлем нарығында артып келеді, – деді белгілі дизайнер Аида
Кауменова.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Kazakhstan Fashion Week» 2018 жылдан бері жылына екі рет ұйымдастырылып, Шымкент қаласында талантты дизайнерлердің басын қосып келеді.
– Көрсетілімнің демеушісі «Lexus Shymkent», «Toyota» орталықтарына алғысымызды білдіреміз. Бұл орталықтар бізді жыл сайын бері қолдап келеді, – деп атап өтті «Sulumodels» орталығының директоры
Ақжамал Абилдаева.
Сән апталығының бірінші күнінде 8 дизайнердің топтамасы көрсетілді. «Айда
Кауменова», «Madita», «Адеми», «Safa», «Шакербэй», «Alexey Chzhen», «Yang lain», «Dana’s couture» топтамалар жинағы көрермендерге ұсынылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара сән индустриясымен қатар жеңіл өнеркәсіптің дамуына үлесін қосады.

А.ӘБДІРАХМАН

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.