30-ШЫ БАУЫР АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ СӘТТІ ӨТТІ Избранное

Среда, 23 Ноябрь 2022 04:18 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 208 раз

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханада алғаш рет мәйіт донорлығымен бауырға трансплантация жасалды. Операция 6 сағатқа созылған.

828

 

Бауыры алмастырылған науқас 5 жылдан бері созылмалы бауыр циррозымен есепте тұрған. Қазір оның жағдайы жақсы, реанимациядан палатаға ауыстырылды.
– Мұндай операция Оңтүстік өңірінде алғаш рет жасалып отыр. Марқұмның туыстары мәйіт донорлығына заңды түрде келісім берді. 16 қарашада түнгі сағат төртте отаны бастадық. Мәйіт донорының өзге де ағзаларын Астана мен Астана қаласындағы емдеу мекемелерінің мамандары санавиациямен әкетті. Ал операциядан кейін төртінші тәулікте науқас өздігінен тұрып жүр. Жағдайы жақсы. Негізінде мәйіт донорлығынан операция сирек жасалады, оның үстіне дүние жүзінде донор тапшы. Шымкентте ағза алмастыру операциясы 2013 жылдан бері қолға алынған. Бүгінге дейін 191 бүйрек, 30 бауыр трансплантациясы жасалды, – дейді дәрігерлер.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері берген мәліметке сүйенсек, қалада жыл басынан бері түрлі науқастарға 477 жоғары технологиялық ота жасалған. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда екі есеге көп. Бұған қоса 2022 жылы медицина мекемелеріне жаңа 7 жабдық сатып алынды. Соның нәтижесінде жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету қатары көбейіп, күрделі оталарды жасауға мүмкіндік болып отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.