ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ «QAMQOR» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Среда, 26 Апрель 2023 05:23 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 755 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен «Отбасы банк» АҚ-ның төрайымы Ляззат Ибрагимова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

770

 

Екі жақты меморандум негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, энергетика және БАҚ саласының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жеңілдетілген несие беру мақсатында «Qamqor» өңірлік бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама аясында 150 адамды жеңілдетілген несиемен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен 3 млрд.теңге қаржы қаралды. Несие 20 жыл мерзімге — 5 пайыз мөлшерлемемен беріледі. Ал, алғашқы жарна — 10 пайыз.
Меморандум тұрғын үй кезегіне тұруға жатпайтын, баспанасы жоқ азаматтарды пәтермен қамтуға мүмкіндік береді.

Последнее изменение Среда, 26 Апрель 2023 05:45
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.