ЕҢБЕКШІНІҢ ЖАСТАРЫ МҰРАЖАЙҒА БАРДЫ

Среда, 26 Апрель 2023 05:32 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 843 раз

Еңбекші аудандық Жастар ресурстық орталығы «Мамандығым — болашағым» тақырыбында экскурсия ұйымдастырды. Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №28 жалпы орта мектептің оқушылары «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейіне барып, ел тарихымен танысты.

765

 

Жастарға ұрпақтар сабақтастығы, салт-дәстүрді дәріптеп, тарихи-мәдени орындарды таныстыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара оқушыларға ерекше әсер қалдырды.
«Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейі — еліміздегі саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларға арнап ашылған тұңғыш мекеме. Музей мамандары оқушыларға саяси қуғынға түскен мемлекет пен қоғам қайраткерлерінің және жаппай қуғын-сүргіннің құрбанына айналған азаматтар жайлы мағлұмат беріп, олардың қордағы құжаттары мен сирек суреттерін көрсетті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.