ШЫМКЕНТТЕ 9 АЙДА 569 МЫҢ ШАРШЫ МЕТРДЕН АСТАМ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН Избранное

Среда, 18 Октябрь 2023 03:48 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 565 раз

Шымкент қаласында биыл 9 айда 559 063 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков мәлімдеді.

710

 

–Жалпы биыл қала аумағында 1 миллион 74 мың 362 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға қабылдау жоспарланған. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 559 063 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 186 343 шаршы метрі жеке инвесторлардың есебінен салынған тұрғын үйлер болса, 42 100 шаршы метрі қалалық құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша салынған үйлер. Сонымен қатар жеке сектордағы құрылыс есебінен 161 400 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға қабылданды, – дейді Н.Жүнісбеков.
Басқарма басшысының айтуынша, 2023 жылдың 9 айында жергілікті атқарушы орган 9 компанияға үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат берген. Оған қоса бүгінде өткен жылы жергілікті атқарушы органнан рұқсат алған 23 құрылыс компаниясы және бірыңғай оператордан рұқсат алған 11 құрылыс компаниясы үлескерлердің қаражатын тарта отырып тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.