Оңтүстік Кореялық делегация өкілдерімен кездесті

Пятница, 03 Ноябрь 2023 07:37 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 728 раз

korea-delegasia

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов Корея Республикасынан келген делегация өкілдерімен кездесті. Оңтүстіккореялық делегацияны Интеллектіні дамыту жөніндегі халықаралық ағарту орталығының директоры, профессор Чо Гю Юн бастап келді.

Кездесуге Шымкент қаласы әкімдігінің бірқатар салалық басқармаларының басшылары да қатысты.

Кездесу барысында білім беру мен адами капиталды дамыту ісі бойынша екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

—Шымкент — Қазақстандағы қарқынды дамып келе жатқан қалалардың бірі. Біз қаланың мегаполис деген атқа лайықты болуын көздейміз. Ол үшін бизнеске жан-жақты қолдау көрсетіп, инвестициялық ахуалды жақсарту бағытында жұмыс істеп жатырмыз.

Оңтүстік Корея — еліміздің стратегиялық серіктесі. Екі ел арасында кең ауқымды сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық орнаған. Біз Сіздермен жаңа жобаларды бірлесе отырып жүзеге асыруға дайынбыз, — деді Қуаныш Жұмабекұлы.

Өз кезегінде профессор Чо Гю Юн қазақстандық тарапқа шынайы пейілі мен қонақжайлылығы үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта білім беру және жастарды жеке тұлға ретінде дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді. Келіссөздер нәтижелі болған жағдайда Оңтүстік Кореяның Интеллектіні дамыту жөніндегі халықаралық ағарту орталығы Шымкент қаласынан өкілдігін ашуы мүмкін.

А.САЙЛАУҰЛЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.