Талаптарға сәйкес, өтініш берушіде және онымен бірге тұратын отбасының әрбір мүшесіне заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын соңғы 6 айда орташа табысы 134 562 теңгеден аспауы тиіс. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдары қосылмайды.
Айта кетейік, өтініштер «кezekte.kz.» интернет ресурсы арқылы қабылданады. Өтінім жіберу үшін азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.
Өтінім қабылдау 2024 жылдың 22 қаңтар күні сағат 9:00-де басталады.