ӘУЕЖАЙДА ҰШЫП-ҚОНУ ЖОЛАҒЫ САЛЫНАДЫ Избранное

Среда, 24 Январь 2024 05:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 459 раз

Жаңа әуежай терминалының құрылысы «ЅСАТ» АҚ инвестициясы есебінен іске асырылып отыр. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков құрылыс жұмысымен танысты.

arport

 

Терминал іске қосылған соң жолаушылар ағынын сағатына 200-ден 2000-ға арттырып, жылына 10-12 миллион жолаушы өткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, терминалды 7 аймаққа бөлу арқылы жолаушыларға қолайлы жағдай жасалады.
Жолаушылар терминалы ашылғанда 2000-нан астам адам жұмыспен қамтылып, халықаралық бағыттар қатары артады. Сондай-ақ, шетелдік әуе тасымалдаушылар мен инвестиция тарту, әуе жүк тасымалын дамыту көзделген. Туристік сервисті жандандыру үшін оң имидж қалыптастыру қолға алынбақ.
Әуежайды мультимодальді орталық ретінде дамыту стратегиясына сәйкес, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету үшін ангар, жедел жанармай құю кешенін құру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, қонақ үй кешенін жаңғыртып, ұшақтарға жерде қызмет көрсету мақсатында арнайы техника сатып алу көзделген.
Сонымен қатар, санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аумағы
3300м х 60м құрайтын жаңа ұшып-қону жолағын салу жоспарланған. Бұл жолақ әуежайға ауа райы қолайсыз кезде ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік береді.
Ғабит Әбдімәжитұлы мердігер мекеме басшысына әуежайға кіре беріс жолдағы кемшіліктерді кепілдік мерзіміне сәйкес түзетуді тапсырды.
Еске сала кетейік, әуежай құрылысының 2-кезеңі биыл аяқталып, ел игілігіне беріледі.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.