КЕШЕНДІ ЖОСПАРЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ Избранное

Среда, 24 Январь 2024 05:07 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 515 раз

Шымкент қаласы әкімінің аппарат отырысында бірқатар маңызды мәселе қаралды. Жиында қаланы дамыту жоспарындағы нысаналы индикаторлардың орындалуы, Әл-Фараби ауданының биылғы даму бағыты және қоғамдық көлік қызметін жақсартуда атқарылатын жұмыстар пысықталды.

akimJinalis

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Е.Есқараев қаланы дамыту жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу мәселелерін баяндады. Шымкенттің 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары 3 бағыт, 17 мақсат және 103 индикаторды қамтиды. Былтыр алдын ала қорытындысы бойынша 75 индикаторға қол жеткізілді, қалғандарының есебі наурыз-тамыз айларында сараланады.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Ибрагимов қоғамдық көліктерді дамытудың 2024 жылға арналған жоспарымен бөлісті. Бүгінде 77 тұрақты маршрутта күнделікті 915 автобус жолаушыларды тасымалдауда. Өткен жылы 97 945 922 жолаушы тасымалданып, 2022 жылмен салыстырғанда өсім 32%-ға артқан. Қазіргі сұраныс ескеріліп, жыл соңына дейін 26 автобус жаңаратылады.
Бүгінгі танда мегаполистің Бас жоспарына енгізілген өзгерістерге байланысты маршруттық желіні дамыту қажет. Тұрғындардың өтініші бойынша қазір қолданыстағы 77 бағыттың 32-сінің қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізілген.
Аппараттық мәжілісте Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев ауданның биылғы кешенді жоспарымен таныстырды. Орталық аудан болғандықтан, елдімекендер бүгінде ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен толық қамтылған. Аудан аумағындағы 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындардың ұсыныстары бойынша 2024 жылы 70 тұрғын үйдің ауласы абаттандырылады. Сондай-ақ жергілікті халық үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жыл соңына дейін 3 гүлзар салу жоспарланған. Жыл соңына дейін 47 көшеге асфальт салу көзделіп отыр. Ал, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қаланың көркін аша түсіп, жаңаша келбет қалыптастыру мақсатында қалалық тұрғын үй басқармасы тарапынан 31 көпқабатты үйдің қасбетіне әрлеу жұмысы жүргізіледі.
Мәжілісті қорытындылаған қала әкімі барлық сала басшысы мен аудан әкімдеріне «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын назарға алып, қала тұрғындарымен тығыз байланыс орнатуды тапсырды. Сондай-ақ, мегаполистің тазалығын сақтау үшін нақты тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.