Қоныс тойын тойлайды Избранное

Пятница, 26 Январь 2024 05:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 602 раз

Қалада 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін 888 жас баспаналы болды. Қазіргі таңда азаматтармен арендалық жалдау шартын жасалып, қоныстандыру жұмыстары басталды. Аталған пәтерлер Тұран шағынауданында орналасқан.

kilit

 

Конкурстан өткен азаматтарға арендалық жалдау шарты бойынша 1414-тен хабарлама жолдануда. Жолданған келісімшартқа электронды қол қою арқылы пәтер кілтіне қол жеткізе алады.
Еске сала кетейік, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылдың 8-10 қараша аралығында 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған «Жастар» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданды. Нәтижесінде, аталған бағдарламаның талап шарттарына сәйкес келген 888 азаматтың өтінімі мақұлданды. «Жастар» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз 3 жыл мерзімге жалға беріледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.