ЖАС МАМАНДАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТТІ Избранное

Среда, 06 Март 2024 05:19 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 303 раз

Шымкент – күн санап көркейіп келе жатқан қала. Мегаполис аумағы кеңейіп ғана қоймай, барлық саласы қатар дамуы тиіс. Оның ішінде туризмнің де алар орны бөлек. Шымкент қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы туризм саласындағы студенттер мен түлектерді қолдау мақсатында форум өткізді.

spiker

 

Кездесуде туризм саласының білікті мамандары тәжірибесін бөлісіп, еркін форматта пікір алмасты. Жиын жастарды ішкі туризм, «Visit Shymkent» ТАО қызметімен таныстыру және студенттерді өндірістік тәжірибеге тарту, одан әрі жұмысқа орналастыруға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Форумға туризм саласында білім алып жүрген 400-ге жуық жас қатысты. Кездесуге «Қазақстан қолөнершілер одағы» Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша өкілдігінің басшысы Болат Бейсбеков, Қазақстан Республикасының мейрамхана бизнесі жөніндегі сарапшысы Айгүл Телеубаева, «Paparazzi club», «Keremet Quiz» және «Квизиум» жобаларының негізін қалаушы Чингиз Жолымбеков, «FlyArystan» әуе компаниясының желілік инструктор-экзаменаторы Кира Соколова, nationalgeographic.kz сайтының фотографы және саяхатшы Артём Орлянский, туризм бойынша сарапшы, жобалық менеджмент саласындағы сертификатталған сарапшы, экономика ғылымдарының магистрі Азамат Қалқабаев қатысты. Сондай-ақ, АҚШ-тағы «Work and Travel USA» халықаралық студенттік алмасу бағдарламасы туралы «ABC Universe» ЖШС компаниясының үйлестірушісі Дамил Омаров таныстырып өтті.
– «Visit Shymkent» орталығының есігі қала қонақтары үшін әрқашан ашық. Жас мамандар кез келген уақытта мекеме жұмысымен танысып, орталықта өндірістік тәжірибеден өтуіне болады. Ұжымымызда студент ретінде тәжірибеден өтіп, бүгінде 2 жас маман әріптес атанды. Сондықтан жастарға бағыт-бағдар беріп, тіпті қолымыздан келсе, жұмыспен қамтуға әзірміз, – деді «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының басшысы Ерлан Умаров.
Форумға жиылған жастар барлық спикерлерге ерекше қызығушылық білдірді. Жастар сарапшылардан мейрамхана бизнесін ашу жолы жайлы және фотограф, бортсерік маманы атану үшін қажетті біліктілік жөнінде сұрастырды.

Жансая СЫДЫҚБАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.