АТАМБАЙ, МҰСА, МУСЛИМ Избранное

Среда, 06 Март 2024 04:50 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 268 раз

2024 жылдың екінші үшемі

Шымкентте 2024 жылдың екінші үшемі дүниеге келді. №2 қалалық ауруханаға қарасты перзентхана дәрігерлері мерзімінен бұрын туылған сәбилерді күтіп-баптап бүгін шаңырақтарына шығарып салды. Наргиза Әшірметованы дәрігерлер ақпанның 2-сі күні кесарь тілігі арқылы босандырып алған.

usem

 

31 жастағы қала тұрғынының бұл төртінші рет құрсақ көтеруі. Үшемге жүкті екенін жас ана жүктілігінің алғашқы аптасында білген. 33 аптада, яғни айы-күні толмай туылған сәбилердің өкпесі дұрыс дамымай, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Перзентхана дәрігерлерінің қатаң бақылауында болған нәрестелердің әрқайсысы осы уақыт ішінде 2 келіден аса салмақ қосқан.
Үшемдерге ата-анасы Атамбай, Мұса, Муслим деп ат қойды. Денсаулықтары жақсарған үшем мен анасына дәрігерлер сыйлықтар табыс етіп, үйіне шығарып салды.
Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 4911 сәби дүниеге келді. Оның 2493 - і ұл бала болса, 2418 -і қыз. Егіздердің саны 50-ге жетіп, екі үшем туылған.

Өзипа АЛТАЕВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Құтқарушы қыздар ЖАС МАМАНДАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТТІ »