ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕР ШЫМКЕНТТІҢ ЖИҺАЗЫМЕН ЖАБДЫҚТАЛАДЫ Избранное

Пятница, 15 Март 2024 06:17 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 249 раз

«Көрме» орталығында жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ғимараттарын жабдықтауға арналған жиһаз көрмесі ұйымдастырылды.

akimooo

 

Олардың қатарында нарықта белгілі «Mega Smart», «Ақниет Holding», «Alem Luxury», «Шымснаб 13», «СК Аймақ», «Қыдырбаев», «Shymloft» фабрикаларының тауарлары бар. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жиһаз түрлерімен танысып, мектептерді жоба талаптарына сәйкес жабдықтау бойынша нақты тапсырмалар берді.
– Өндіріс орындарының қуаттылығына қарай кәсіпкерлерге заң шеңберінде мүмкіндіктер беріледі. Тиісті талаптарды қатаң сақтап, ең бастысы жиһаздардың білім алушыларға қолайлы әрі сапалы болуын қадағалаңыздар. Білім нысандарының заманауи талаптарға сай жабдықталуын назарға алу қажет, – деді қала әкімі.
Жиһаз өндірушілер өндірістік қуаттылықтары мен мүмкіндіктерін таныстырып, бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді. Ғабит Әбдімәжитұлы жауаптыларға кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаулар аясында көмек көрсетуде бірқатар тапсырма жүктеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.