АҒАШ ЕК, ТАЛ ЕК – ТУҒАН ЖЕРІҢДІ ТҮЛЕТ! Избранное

Среда, 20 Март 2024 05:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 361 раз

Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз мерекесі «Жаңару» күнімен жалғасып, жоба аясында ағаш көшеттерін егу науқаны өтті. Игі шара А.Асқаров атындағы дендробақта басталып, оған Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен бірқатар қоғамдық ұйымдар қатысты.

TASL

 

«Жаңару» күні — көпшілікті ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге, ынтымақта болуға үндейді. Бұл күн ел өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді.
Қала аумағында егілетін жаңа көшеттер – жаңа идеялар, мемлекет дамуындағы жаңа кезеңімен ерекшеленеді. Елімізде жаңару символдарының бірі – «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы. Тұжырымдама аясында ел өмірінің түрлі салаларында оң өзгерістерді жүзеге асырып келеді. Осынау игі шараның өтуіне Ассамблея белсенділері ерекше үлес қосты.
— Ассамблея мүшелері де игі істен шет қалмай, ағаш егуге атсалысуда. Дендросаябақ аумағында 80 үйіңкі (клен) көшетін егу жоспарлануда. Ағаш егу іс-шарасына қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы 17 этномәдени бірлестіктің төрағалары, өкілдері, 7 қоғамдық құрылым —ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі, журналистер мен блогерлер клубы, «Ассамблея жастары» ұйымы, медиация кеңесі, ғылыми-сарапшылық топ, кәсіпкерлер ұйымы мүшелері қатысып отыр, — деді Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ербол Байқонақов.
Ағаш егу акциясына этномәдени бірлестіктердің мүшелері ұлттық киіммен келді.
Жалпы Шымкент қаласында 6 миллионға жуық жасыл желек бар. Сондай-ақ, 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл белдеу» қалыптастырудың жоспары бекітілген болатын. Жоспар бойынша 6,5 млн түп көшет егіледі. Осылайша, қаладағы ағаш қоры екі есеге артпақ.

Г.СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.