СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ Избранное

Среда, 20 Март 2024 05:02 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 331 раз

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Қуанар Базарбаев су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша баспасөз брифингін өткізді. Департамент бастығы қаладағы азаматтық қорғау қызметтерінің дайындық шараларынан хабардар етті.

suTaskin

 

Генерал-майор Қ.Базарбаев бүгінгі таңда қала аумағында орналасқан 4 су қоймасының толу деңгейі 13-80% екенін атап өтіп, қазіргі уақытта су қоймаларында тасқын суларды қабылдау үшін қорлар бар екенін айтты. «Қазгидрометтің» алдын-ала мәліметіне сәйкес, наурыз айы жауын-шашынды болады деген болжам бар. Бұл өз кезегінде қала аумағында жаңбыр суының көп жиналуына әкеп соғуы мүмкін. Сол себептен қазіргі таңда дайындық шаралары күшейтілген.
– Департамент құзырлы органдармен бірлесіп, қауіпті аумақтарға мониторинг және визуалды зерттеулер жүргізуде. Су басу қаупі бар аймақтарда тұратын тұрғындарға үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары қолға алынған. Бүгінгі таңда 702 шақырым ирригациялық жүйе (27 канал, 2 өзен арналары) тазаланды. Бұл жұмыстар айтарлықтай су басу фактілерін болдырмауға септігін тиігезеді. Қазіргі уақытта су тасқыны кезеңінде жағдай тұрақты, – деді Қ.Базарбаев.
Биылғы 12 наурыздағы нөсерлі жаңбырдың салдарынан қалада 73 мекенжай бойынша су жиналу фактілері тіркелген. Барлығына шұғыл түрде әрекеттер жасалынып, шамамен 5,5 мың текше метр жаңбыр суы қауіпсіз жерге шығарылды. Әкімдіктің коммуналдық қызметтері мен департамент тарапынан қаладағы жағдайды тұрақтандыру үшін 46 техника (15 асинизатор), 56 мотопомпа және шамамен 197 жеке құрам жұмылдырылып, тиісті жұмыстар атқарылды.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.