ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ФАБРИКА ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ Избранное

Среда, 18 Сентябрь 2024 05:13 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 72 раз

Шымкент қалалық «Amanat» партиясының төрағасы Бахадыр Нарымбетов бастаған АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штабтың мүшелері «Мадина» макарон фабрикасының қызметкерлерімен кездесті. Жұмысшы топтың қатарында қалалық мәслихат депутаттары, бірнеше саяси партиялардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.

AESS-1

 

Кездесуді ашқан Бахадыр Мәдәліұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген мәселелерге тоқталып, жиынның басты тақырыбы ретінде атом электр станциясының құрылысын атап өтті.
– Энергетика министрлігінің болжамдары бойынша, 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 152,4 миллиард кВт/сағ құрайды деп күтілуде. Алайда қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған электр станциялары тек 135 миллиард кВт/сағ ғана қамтамасыз ете алады. Осыған байланысты, қазіргі таңда Ресейден келетін ағындар электр қуатының тапшылығын жауып отыр, бұл өз кезегінде энергетикалық тәуелділікке және елдің энергетикалық нарығының қауіпсіздігіне қатер төндіреді, - деді Б.Нарымбетов.
Ол Қазақстанның энергетикалық секторы көмір электр станцияларына аса тәуелді екенін атап өтті, бұл тәсілмен ұзақ мерзімде энергия қуатын өндіру мүмкін емес екенін түсіндірді. Себебі, жұмыс істеп тұрған станциялардың тозу деңгейі жоғары, ал, халық санының өсуі мен энергия тұтыну көрсеткішінің қарқынды артуы жағдайды қиындатып отыр.
– 1986 жылғы Чернобыль және 2011 жылғы Фукусима-1 атом электр станцияларындағы апаттардан алынған сабақтар жаңа реакторлардың жобалануы кезінде ескеріледі. Бұл оқиғалардың әсерінен атом энергетикасының қауіпсіздігі жаңа деңгейге көтерілді. III+ буын реакторларының конструкциясына қосымша қауіпсіздік мүмкіндіктері енгізілді, - деді Бауыржан Әлтеев.
Одан бөлек, штаб мүшелері атом электр станциясының басқа қуат көздері сияқты қоршаған ортаға көмірқызқыл газдарын, күл, құрамында мұнай қалдықтары бар шайынды су бөліп ластамайтынын да мәлім етті.
Штаб мүшелері Атом электр станцияларын жобалау және салу кезінде техникалық қадағалауды тәуелсіз реттеуші жүзеге асырады және құрылыс Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бақылауымен жүргізілетінін айтты.

Салтанат ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.