ҚАЛАНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ КӨРСЕТІЛДІ Избранное

Среда, 18 Сентябрь 2024 05:15 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 85 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Қазіргі заманғы технологиялар мен инвестициялар. Қазақстан Республикасының аумақтық экономикаларын дамыту мәселелері мен перспективалары» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты. Талқылауға алты шетел мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшілері мен дипломаттары да үлес қосты.

shummm

 

Дөңгелек үстел аясында «Саутс-Ойл» ЖШС іске асырып жатқан инвестициялық жобалар таныстырылды. Ал, “Invest Shymkent” компаниясының директоры қонақтарды индустриялық және арнайы экономикалық аймақтардағы жұмыстар мен инвестициялық артықшылықтар туралы хабардар етті.
Қала әкімі қатысушыларға қаламыздың инвестициялық тартымдылығы мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтты. Сондай-ақ, Ғ.Сыздықбеков әрбір жобаның жүзеге асырылу кезеңдерінде жан-жақты қолдау көрсетілетінін және өткен жылмен салыстырғанда қала экономикасына салынған инвестиция көлемі айтарлықтай өскенін атап өтті.
Кездесу барысында Ғабит Әбдімәжитұлы әлеуетті инвесторлар үшін барлық қажетті жағдай жасауға дайын екенін де жеткізді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.