Шымкентте қызғалдақ гүлін егу жұмыстары аяқталды. «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің жұмысшылары гүлдің 450 мың тұқымын жерге отырғызды. Сала мамандарының айтуынша, қызғалдақтар ерте көктемде қалалықтарға қуаныш сыйлайды.
Гүлдерді көптеп өсірудің пайдасы мол. Гүл – сұлулықтың, мейірім мен нәзіктіктің қайнар көзі. Өкініштісі, бүгінде қаланың келбетіне жасөспірімдер арасында жанашырлықтың төмендігі байқалады. Бұған алаңдаған мамандар, жас ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға, гүл өсіріп, сұлулықты сүйе білуге шақырады.
– Гүл егу, оны күту – оңай емес. Гүлдердің өсуі үшін біз қыс бойы еңбек етіп, жұмыс істейміз. Мамыр айында қызғалдақ гүлдерінің түптері жиналып, орнына жаздық гүлдер егіледі – дейді «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің көгалдандыру бөлімінің басшысы Сұлтанхан Ахметов.