Көшелерге шағал тас төселеді

Среда, 17 Май 2017 04:24 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4926 раз

Қаратау ауданы кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен аудан аумағындағы кәсіпкерлер шағынаудан көшелеріне шағал тас төсеуді қолға алды. Қайырлы істі бастау үшін аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов бірқатар кәсіпкерлермен меморандумға қол қойды.

IMG-20170515-WA0007

2015 жылы осы тәртіппен 22 көшеге шағал тас төселсе, 2016 жылы тағы 19 көшеге тас жол салынды.

– Шағал тас төсеу әр жылы кәсіпкерлердің ерікті түрде атсалысуымен дәстүрлі жалғасын тауып келеді. Осы игі бастаманың нәтижесінде ауданның шеткі көшелері, жаңа құрылыс аймақтарында да бірқатар көшелерге тас түсірілді. Ал бүгінгі құжаттар бойынша халықтың сұранысына қарай ауыл билерімен ақылдаса отырып, қай көшелерге шағал тас төселетінін анықтаймыз, – дейді Ғабит Патшаханұлы.

20170512 101449

Кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы Гүлзина Рахымбайқызының мәлімдеуінше, Меморандумға қол қойған кәсіпкерлер қатарында «ДСМ», «Астана керуен», «Шымкент тас», «Дала», «Шаруа құрылысы», «КСМ Олжа» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар.

– «Наурыз 25» ЖШС-і «Шапырашты» тұрғын алабының Наурыз көшесіне шағал тас төсеу жұмыстарын меморандумға қол қойылғанан кейін-ақ бастап кетті. Біз кәсіпкерлерді аудан өміріне жақын араласып, дамуына, халықтың жайлы өмір сүруіне өзіндік үлесін қосуға шақырып, үнемі байланысты үзбейміз. Кәсіпкерлер де өз тарапынан демеушілік шараларына атсалысып жүр, – дейді ол.

Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.